2017 ЖЫЛЫ ЕЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫ 18 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

«Сергек» – қоғамдық қауіпсіздік пен жол-көлік қозғалысы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жоба. Бұған қоса, көлік апаттарының алдын алып, желмен жарыса көлік жүргізетіндерді жөнге салуды мақсат тұтады.

Жалпы алғанда еліміздегі жол-көлік апаттарының басты себебі –жүргізушілер мен жаяу жүрушілердің жол қозғалысы тәртібін сақтамауынан болып отыр. Жылдамдықты арттырады, қарсы бетке шығып кетеді, тиіссіз жерлерден жолды кесіп өтеді. Бұл өз кезегінде көптеген жол-көлік апатына әкеп соғуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан жолдарында 3 мың көлік апаты орын алған, одан 295 адам қаза тауып, 4 мыңнан аса адам жарақат алды. Ал, 2016 жылы мұның саны әлдеқайда көп болған. ІІМ-нің мәліметінше, 17 мың көлік апатқа ұшырады. Салдары 2400-ге жуық адамның өмірін қиып, 23 мың тұрғын зардап шеккен.

Соңғы уақытта еліміздегі жол-көлік апаттары азайып келеді. Бұған себеп бірқатар аймақтарда бейне-бақылау камераларының орналастырылуы. Оның қызметтері көпқырлы. Атап айтсақ, заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді, полицейлердің жұмысына септігін тигізеді, жол қозғалысын реттейді, жылдамдықты бақылайды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға жәрдемдеседі және т.б.

«Сергек» камераларының Астанадағы ахуалы

Астанада «Сергек» деп аталатын бейне-бақылау жүйесі 2017 жылдың 15-ші қыркүйегінде орналастырылған болатын. Содан бері қаладағы қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылап, заң бұзушылықтардың алдын алуда. Сондай-ақ, «Сергек» камераларының көмегімен мемлекеттік бюджетке 240 млн. теңге көлемінде қаржы түсті.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтың айтуынша, 2017 жылы «Сергек» камералар жолдағы қылмыстық құқық бұзушылықты 30 пайызға, жол-көлік оқиғасын 18 пайызға қысқартқан. Қазіргі таңда қалада 6500-ге жуық бейне-бақылау қондырғылары қойылған. 2018 жылы қаланың барлық көшесі «Сергек» камераларымен қамтылады.

Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Сергек» камераларының көмегімен 1 аптада 2500-ден аса жол жүру ережелерінің бұзыландығы тіркеледі екен. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар да анықталуда. Яғни, 1 аптада 17 қылмыс, 1500-ге жуық құқық бұзушылықтар тіркеліпті.2018 жылы «Сергек» камералары арқылы өңірде 12082 заң бұзушылық анықталып, олар үшін төленген айыппұл мөлшері 55 млн. 155 мың теңгені құрады. Ал, 2017 жылы 35654 заң бұзушылық болып, 242 млн. теңгені көрсеткен.

Тағы да айта кетерлік жайт, «Сергек» бейне-бақылау жүйесі жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтауға септігін тигізуде. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметінше, аталған камералар орнатылғаннан кейін 2017 жылы 70 мыңнан аса жол жүру ережелерін бұзу фактілері тіркелген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 50 мыңды құраған. Сонымен қатар, «Сергек» камералары қылмыстың ашылуына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету секілді басқа да келеңсіз жағдайларды дер кезінде алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған камералардың арқасында қала бойынша 523 қылмыстық іс анықталды, олардың 3-і кісі өлтіру, 29-ы қарақшылық, 236-ы ұрлық, 19-ы айдап салу әрекеттері екендіктері белгілі болды.

Астанада орын алған жол-көлік апаттары 2017 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеді. Мәселен, 2016 жылдың көрсеткіштеріне сүйенсек, 41 апат болса, 2017 жылы олардың саны 21-ді құрады. Бұған қоса, қаза тапқандар мен зардап шегушілердің де саны азайды. Яғни, 2016 жылы жол-көлік апатынан 44 адам жарақат алса, 2017 жылы 23 адам болды.

Төлем жасау қалай жүзеге асады?

Ал, төлем жасау процесіне келер болсақ, айыппұлдардың көлемін кез келген көлік жүргізушісі Телеграмм мессенджері (@smartastana_bot) мен мобильді қосымшалар (egov.kz, HandyPay, MyPay) арқылы біле алады. Бұған қоса, «Қазпошта» АҚ немесекөптеген терминалдардың көмегімен (Kaspi, QIWI) айыппұлын өтеуіне болады.

«Сергек» камераларының пайдасы қандай?

Біріншіден, жол-көлік апаттарының санын азайтады; Екіншіден, заң бұзушылықтар мен қылмыстық фактілерді анықтайды; Үшіншіден, жол қозғалысы кезінде тәртіп сақталады; Төртіншіден, қауіпсіздік күшейіп, ұрлық-қарлық азаяды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауда айтарлықтай септігін тигізеді.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу