АҚЫЛЫ ЖОЛ БІЗГЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Көптеген әлем елдерінің тәжірибелері көрсеткендей халықтың әл-ауқатының өсуі автокөлік cанының өсуіне әкеледі. Біздің елде де солай. Мысалы өткен жылы Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 млн. бірліктен асқан, ол дегеніміз 100 адамға шаққанда 21 автокөліктен келеді екен. АҚШ-пен салыстыратын болсақ 100 адамға шамамен 80 автокөлік, ал европа елдерінде орташа есеппен 50 автокөліктен келеді. Қазақстанда автомобильдену деңгейі орташа, деп айтуға болады. Дегенмен Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан кейін Қазақстан ТМД елдерінің арасында бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында.

Сәйкесінше, автокөлік құралдарының санының артуымен бірге, автомобиль жолдарын сапалы жөндеу оны сақтау басты назарда болу керек. Жаңа жолдардың құрылысы мен қолданыста бар жолдарға қызмет ету түрлері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, бұл қаржы салық және баж төлемдері есебінен жиналады. Көптеген мемлекеттер бюджетке жүктемені түсіруді азайту мақсатында ақылы жолға өтуді қолға алуда.

Әрине, кезінде тегін болған мемлекеттік қызметтер мен сервистер ақылы болып жатса, халық тарапынан түсінбеушілік пен сұрақтардың туындайтыны белгілі. Мәселен, «Астана–Щучинск» тас жолына ақылы қызметін енгізгенде жеңіл көлікке 200 теңге, жүк көліктеріне 5000 мыңға дейін болатын.

Ал енді, осы төленген 200 теңгенің көлік жүргізушісі мен  жолаушыларына қандай пайда беретіні туралы түсініп алсақ?

Бүгінде 30-дан астам елдерде ақылы автомагистраль жолдары енгізілген. Дүниежүзі бойынша шамамен 25 млн. км жол болса, оның 150 мың. км ақылы жолдар екен. Ақылы жолдар Еуропа елдерінде, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, АҚШ-та, Ресейде және басқа да мемлекеттерде бар.

Европа елдерінің арасындағы алдыңғы қатарлы ақылы жолдар жүйесі Францияда. Жол ұзақтығына байланысты аталған тас жолдармен жүріп өту құны шамамен 17 еуродан бастап, 39 еуроға дейін. Жалпы әлемде ақылы жолды пайдалану бойынша төлеу құнының нақты үлгісі жоқ. Кейбір мемлекеттерде (Швейцарияда) бағасы бектілген бір күнге, аптаға, айға және бір жылға пайдаланатын шектеусіз абоненттерге сұраныс өте көп.

Ал (Дания, Швеция, Финляндия) сияқты елдерде тек туннель, көпір басқада күрделі нысандардың инфрақұрылымдық элементтерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу керек екен. Атап айтсақ, Германияда автобандар тегін, ал бірақ ұлттық саябақтар мен қорықтар аймағынан жүріп өту ақылы. Осындай аймақтардан өтудің орташа ақысы 8 евроны құрайды.

Интеллектуалды көлік жүйесінің басты бағыттарының бірі ақылы автобан жолдарын енгізу болып табылады. Бүгінгі таңда, Қазақстанда осындай жолдың саны біреу ғана. Ол «Астана–Щучинск» тас жолы. Автомагистральдың көліктерді өткізіу қарқыны, тәулігіне шамамен 7 мың көлікті құрайды. Автомагистраль бірінші техникалық санаттағы нормативі бойынша салынған, сондай-ақ жол үсті бір деңгейде қарама-қарсы жол мен қиылыспайды бұл жүргізушінің жол жүру қауіпсіздігіне кепілдік береді. Ақылы жол біріншіден жол уақытын, жанар-жағармай шығынын үнемдеп, ыңғайлы жол жүрісін қамтамасыз етеді. Осындай тас жолдар ұзақ мерізімдегі жол қозғалысында қолайлы және адамдардың уақытын үнемдейді. Арнайы қызметкерлер жол трафиктерін қадағалап, қыс мезгілінде күнделікті қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді, бұл жол төсемінің әрдайым жақсы жағдайда болуына септігін тигізеді.

Осындай жүйені енгізудегі тағы да бір артықшық жұмсалған жол шығынын өзі өтеп алады. Көлік жүргізушілерінен түскен барлық алынымдар жолды жөндеуге жұмсалып, республикалық бюджетке жүктемені азайтады. Келесі артықшылық – жай жолдардан анағұрлым кең. Сондай-ақ, жүйені енгізу арқылы жаңа жұмыс орындары пайда болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін төлем бекеттері қарастырылған, қазір жолда келе жатып төлемді онлайн тұрғыда есептен шығаруға арналған RFID-таңбаларын қолдану үшін мобильдік қосымшаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, жолда бейнекамералар, ауа-райы датчикиері мен жүргізушілерді ақпараттандыратын арнайы тақталар орнатылады. Мұндай датчиктер ақпараттық тақтадағы ауа райы туралы мәліметтерді және жүргізушілерге белгілі бір жылдамдықты сақтауды автоматты түрде беріп тұратын болады.

Биыл жалпы ұзындығы 469 км-ді құрайтын «Астана–Теміртау», «Алматы–Қапшағай» және «Алматы–Құлжа» аумағында ақылы жолды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 5,5 мың км құрайтын 13 аумақта тас жол жүйесін жобалау жұмыстары аяқталып келеді. Жалпы алғанда 2020 жылға дейін, 16 аумақта ақылы тас жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Ақылы жолдардың бірнеше артықшылықтарын аңғарып отырмыз. Көлік жүргізушілері сапалы, қауіпсіз және ыңғайлы жолмен жүруді қалайтын болса, күмән жоқ алылы жолды тандайды деген сенімдеміз.

Екатерина Зунзяк


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу