Айналымның аздығы еліміздегі басты мәселе – Асқар Жұмағалиев

Бүгін елордадағы Astana Hub ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев IT-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жиында цифрландыру барысында атқарылған жұмыстар сөз етіліп, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.

Іс-шараға ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ 40-дан астам отандық АТ-компаниялар қатысты.

Кездесу барысында министр отандық компаниялар ақпараттық жүйені қалыптастыру барысында белсенді жұмыс атқарып келетіндігін баса айтты.

«Дәл қазіргі уақытта ақпараттық жүйені қалыптастыруда отандық компанияның үлесі 43 пайызды құрап отыр. Ал  электрондық қызметтерді ұсыну бойынша 90 пайыздық көрсеткішті құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсетшпен салыстырғанда жоғары нәтиже деп есептеймін», –  деді Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысында елілімізде 106 компания, 60-тан астам отандық АКТ компаниялар қызметін атқаруда.

«Елімізде айналымның аздығы басты мәселенің бірі. Айналымдағы отандық компаниялардың үлесі тек 3 пайызды ғана құрайды. Бұл бағыт бойынша алдағы уақытта жұмыс күшін арттыру қажет»,  –  деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

2019 жылдан бастап Astana Hub техкопаркінде информатика, инженерлік механика, киберқауіпсіздік және менеджмент сияқты салаларда мамандарды даярлау үшін IT-университет ашылып, қыркүйек айынан бастап студенттерді қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, экспортқа арналған қазақстандық АКТ өнімдерінің арнайы каталогы құрылып, IT-стартаперлерді қолдау мақсатында арнайы граттық қаржыландыру жүзеге асатын болады.

Astana Hub ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркінде 2018 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде 150-ден астам жобаларға қолдау көрсетіліп, 200-ден астам мерекелік шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, «Венчурлық қаржыландыру» туралы заң, экстерриториалдық қағидасы, дамуды жеделдетуге арналған 3 бағдарлама жүзеге асқан.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу