ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЛАЙ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Білім берудің дәстүрлі жүйесі әлі де болса қазіргі заман жастарының уақытына, мобильділігіне, икемділігіне, сондай-ақ қолжетімділігіне қарай толықтай бейімделе алмай жатыр. 3 және 1 жылға арналған оқу құны қымбат білім бағдарламасы іс жүзінде өзекті әрі қажетті білімді бермеуі әбден мүмкін. Сондықтанда, бүкіл әлемде онлайн-оқытудың танымалдығының артқанына таң қалуға болмайды. Бүгінгі күні адамға, дайындық деңгейі мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан, білімнің барлық саласы қолжетімді, лэптоп пен Интернетке шығу мүмкіндігі болса жеткілікті.

Онлайн-білім берудегі серпілісті 2001 жылы өзінің курстарын еркін қолжетімділікте интернетке орналастырған Массачусетс технологиялық институты (МІТ) жасады. MIT OpenCourseWare (MIT OCW) атты жоба университеттің оқу базасын құрайтын курстардың, дәрістер мен тапсырмалардың ашық ресурсы болып табылады. 2010 жылы жарияланған 2 мың курс институттың оқу бағдарламасының шамамен 80%-ын құрайды. Бүгінгі күні интернетке шығарылған курстардың саны 2,4 мыңды құрап отыр. Жақында ғана жарияланған пәндердің арасында «Биоинформатика», «Аэронавтика», «Сәулет», «Гендерлік зерттеулер», «Антропология» және тағы басқалар.

Жоба сайтының статистикалық мәліметтері бойынша аудиторияның 43%-ы өз бетімен тыңдайтындар құрайды, бұл студенттер мен басқа оқушылардан 42%-ға көбірек.

МІТ-те бір оқу жылының құны шамамен 63 мың $ болғандықтан, әлемдегі үздік технологиялық университетінің бірі тегін курстары тек жомарттықтың үлгісі ғана емес, сондай-ақ әр адамға білімнің қолжетімділігі туралы идеясы болды.

Әлемдік деңгейдегі басқа университеттер де МІТ үлгісін алып, дәл сол уақытта MOOC-платформалар құрыла бастады. MOOC немесе Massive open online courses – жаппай ашық онлайн-курстар 2008 жылы пайда болды және қашықтықтан оқытудың интерактивті түріне айналды. Бейне дәрістер мен оқу материалдарына топ және оқытушылармен қарым-қатынас жасаудың интерактивті мүмкіндіктері қосылды.

Edx, Udacity, Udemy, Coursera және басқа да сайттар тегін және ақылы түрдегі оқыту контенттері бар бүгінгі күннің MOOC-платформалары.

Соңғы жылдары бүкіл әлем бойынша шамамен 800 университет 8 мыңнан астам курсты МООС платформасына шығарды. Бұл курстардың басым көпшілігі дербес (self-paced) болып табылады, бұл курсты өткізу мерзіміне тәуелді емес екенін білдіреді, яғни пәнді кез келген қолайлы уақытта зерделеуге болады.

Анағұрлым танымал МООС платформалар мыналар:

Courserа.org – 2012 жылы Стэнфорд университетінің профессорлары негізін қалаған білім беру платформасы. Онлайн-білім берудің көшбасшысы болып табылады, себебі 115 оқу орындарымен жұмыс жасайды, оның ішінде Стэндфорд, Йельск, Принстон университеттері, сондай-ақ орыс тілді тыңдармандар үшін Мәскеу университеттері бар. Сайтта магистр дәрежесінің ақылы оқу бағдарламасына өтінім беруге және толыққанды диплом алуға болады.

EdX – Гарвардпен бірге құрылған MOOC-платформасы. Coursera-дан EdX-тің айырмашылығы – коммерциялық емес бағыты және ашық бастапқы кодта болуы. Қазіргі кезде Гарвардтан, MТИ-ден, Майкрософттан және басқа институттардан 1,6 мың курс зерделеуге қолжетімді болып отыр. Платформаның аудиториясы бүкіл әлем бойынша 12 млн. пайдаланушы бар.

Udacity – компьютерлік технологиялар мен бағдарламалауға бағытталған жекеменшік білім беру платформасы. Мұнда жасанды интеллект, веб-әзірлеме, машиналық оқыту, нанотехнология және басқа да көптеген пәндер бойынша курсты үйренуге болады.

Ауқымды MOOC-платформаларының ішінде Udemy, Codecademy, FutureLearn, UMass Boston Open Courseware, Academic Earth, OpenLearning, TED, Khan Academy және тағы басқа платформаларды атап өтпеу мүмкін емес.

Барлық елдерде MOOC-платформасын құру танымал тәжірибеге айналуда. Ағылшын тілін білмейтіндер үшін ресейлік Нетология, Универсариум, Интуит, Лекториум, HTML Academy, Школа Яндекс және басқалары секілді оқыту сервистері қолжетімді.

Қазақ тілінде білім аламын деушілерге OpenU.kz. білім беру бағдарламасының курстары қолжетімді болды. «Қазақстанның ашық университеті» информатика, физика, математика, веб-бағдарламалау, роботтехника, сондай-ақ бизнес-жоспарлау, әкімшілендіру және т.б. бойынша мемлекеттік тілде 80% бірегей контентті ұсынады. OpenU.kz-да тіркелген тыңдармандардың саны 1013 адамға жетті.

Еңбек нарығында онлайн білім беру әлі де дәстүрлі дипломның орнын баса қойған жоқ, бірақ бұған алғышарттар бар. Әр адам үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділік тұжырымдамасы анағұрлым шынайы болуда. Ал тәуелсіз және жеке-дара жоспарланған оқытудың артықшылығы аудиториялар мен дәріс залдарына дәстүрлі қатысудан асып түсуде. Онлайн-курстар тәжірибе мен интерактивке бағдарлана отырып, анағұрлым қызықты болады. Беделді жоғары оқу орындарының курстарын тыңдағандары туралы сертификаттар ізденушінің түйіндемесін тиімді толықтыратын болады.

Цифрлық технологиялар және интернет адамдардың өмірін жақсартуға арналған, өйткені онлайн-білім беру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олар маңызды болып табылатын қолжетімділік пен таңдау еркіндігін береді.

Aizhan ZHAKEYEVA


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу