АМЕРИКА ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІН БОЛЖАУ

Джеффри Стилдың мақаласы. Түпнұсқасы мына сілтеме бойынша: https://www.forbes.com/sites/jeffsteele/2018/06/27/predicting-the-future-of-american-cities/#6f39b2b44188

Спенсер Леви, Нью Йорк каласындағы CBRE компаниясының зерттеу  бойынша директоры. Аталмыш мекеме АҚШ қалаларының дамуына жылжымайтын мүліктің қаншалықты әсер ететінін анықтаумен айналысады. Спенсер тапсырыс берілген тауарды тұтынушыға дейін жеткізу, қаладағы оқу орындары, инфроқұрылым мен жергілікті бөлшек саудагерлердің рөлін зерттеп, өз болжамын жасайды. Ол «қазіргі таңда жастардың талғамының өзгеруі олардың өмір сүру стилі мен өмірге көзқарасының ересектерге қарағанда өзгеше болуынан», дегенді алға тартады.

Қазір Спенсер келесі «Сиэтл» болуға қай қала лайықты екенін анықтауда. Ол Дэнвер мен Остин қалаларының тез арада дамитынын, ал Сан-Антонио мен Майами айтарлықтай жетістікке жете алмайтынын тілге тиек етті. Сарапшының айтуынша, өмір сүруге ыңғайлы болашақтың қаласы үш факторды негізге алуы тиіс. Біріншіден, болашақтың қаласында жастарға сапалы білім беретін жоғары оқу орындары болуы керек. Екіншіден, әр тұрғын өз кәсібін дөңгелетіп,  жақсы өмір сүруге ыңғайлы орта қалыптастыруы қажет. Ал үшіншіден, сырттан келетін шетелдік капиталдың болуы маңызды.

Инфроқұрылым рөлі асыра бағаланып отыр

Спенсер Леви қалалардың дамуын есептеу кезінде инфроқұрылымның рөлі асыра бағаланып отырғанын айтты. Миннесота университеті «инфроқұрылымы бойынша үздік 50 қала» тізімін жасады. Алайда, қазіргі кезде өте жақсы дамып келе жатқан Денвер, Портленд, Нашвилл және Остин қалалары тізімнің ең соңында болды. Бұл «қаланың дамуы мен өмір сүруге қолайлығының инфроқұрылыммен ешқандай қатысы жоқ екенін» айқындайды.

Сонымен қатар, цифрландыру әсерінен дүкендердің маңыздылығы жоғалып барады деген теріс пікір қалыптасуда. Алайда, e-commerce секілді бизнес түрлерінің ешқандай зияны жоқ. Мысалы, дамыған қалаларда көп орын алып дүкендер салудын және сатушылардың азаннан кешке дейін кассада тұруына еш қажеттілік жоқ. Соған қарамастан, жұмыс орны сақтаулы. Себебі тауарды жеткізу қызметін көрсетушілерге сұраныс бар. Сондықтан қала әкімшіліктері бөлшек сектордан гөрі, демография мәселесі туралы көбірек ойлануы керек. «Адамдар орталық бизнес аудандарына көшіп жатыр. Сол себепті, бұл елді-мекендерде дүкендерге қажеттілік жоқ», – дейді маман.

Әлем нарығын алаңдатып отырған мәселердің бірі «миллениалдардың өмір сүру образы». Спенсер Леви «бұған түк те уайымдаудың қажеті жоқ» екенін айтты. «Қазіргі жастар өзгеше. Бірақ олар ересектерден алысқа кетіп қалған жоқ. Олар да отбасылы болып, үй сатып алу туралы ойланады. Бірақ бұрынғылар сияқты ерте шақта емес», – деп маман өз ойын түйіндеді.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу