АСТАНАДА DIGITAL BRIDGE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Digital Bridge – Қазақстандағы биыл өтіп отырған басты инновациялық оқиға.

Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, бірқатар елдердің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысып жатыр.

Қатысушылар цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, тәжірибелер мен бизнес-модельдерді талқылайды.

Digital Bridge алаңында 50-ден астам қазақстандық және халықаралық спикер сөз сөйлейді. Олардың арасында Startup Genome бас директоры Жан Франсуа Готье, Hyperloop Transportation бас директоры Дирк Альборн, Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф, Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Әлия Прокофьева, Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман, венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында “Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалог” атты пленарлық сессия өтеді. Сессия жұмысына Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков қатысады.

Спикерлер халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, әлемдік нарықтағы цифрлық кәсіпкерліктің жаһандық үрдістеріндегі Қазақстанның әлеуетін талқылайды. Форум аясында Қазақстандағы цифрландыру саласының ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталмақ.

Бұдан басқа, Digital Bridge форумының аясында Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің бастамасымен екі эксклюзивті іс-шара ұйымдастырылмақ. Осы орайда Astana Hub Battle стартаптар жарысы және Astana Hub Awards Қазақстанның стартап-индустриясы саласындағы сыйлығы қамтылады.

Форум бағдарламасында 9 панельдік пікірталас сессиясы қамтылып, шақырылған спикерлер экожүйелердің тұрақты стартаптарын құру, мемлекетті цифрландыруда Blockchain технологиясын қолдану, электрондық үкіметтің дамуына жаңа ақпараттық технологиялардың әсері, ғарыштық инновациялар, Қазақстан технологиялық кәсіпкерлерінің жаңа келешегін қалыптастыру жолы мен инновациялық дамудың басқа да тақырыптарын талқылайды.

Іс-шара цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және Төртінші өнеркәсіптік революция идеяларын ілгерілетуге арналған. Бұл форум Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы диалог алаңын құрайтын жыл сайынғы іс-шара болады.

Форум Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен, “Зерде” Ұлттық инфокомуникация холдингі” АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу