AVITO БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАНЫҢ 5 ТРЕНДІ

Электронды сауданың 5 тренді, оның әлемдегі және Ресейдегі болашағы жайында Avito-ның электронды сауда бағытының басшысы Эрик Финнанс Shiptor блогына берген сұхбатында мәлімдеді.

Басты тренд – контент. Аудиторияның назарын аудару үшін, тауарды онлайн сатып отыру ғана жеткіліксіз – жарнамалау қажет және ол тұтынушыларға қызықты әрі тартымды болу керек, яғни мазмұнды жұмыс жасау нәтижелі болады.

«Егер сатып алудың онлайн-платформасы сатып алушыға таңдау және шешім қабылдау кезеңінде пайдалы болса, келесі жолы пайдаланушы сайтқа қайта оралуы ықтималдығы жоғарылайды және оны достарына, таныстарына ұсынуы әбден мүмкін», – деді Эрик Финнанс.

Avito-ның электронды сауда бағытының басшысы екінші трендке әр тұтынушыға дербес тіл табуды ұсынды. Оның айтуынша, электронды саудада дербестендіру ерекше маңызға ие: өнім немесе қызметті сату үшін тұтынушыны жеткілікті түрде түсініп, оның қажеттіліктерін болжап, қызығушылығын жоғарылату қажет. Пайдаланушы деректеріне негізделген (жынысы, жасы, жиілігі, тапсырыстың құрылымы және т.б.), әр онлайн-дүкен тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін ұсыныстар, кеңестер мен пайдалы ақпараттар ұсына алуы керек деп мәлімдеді.

Компания басшысы үшінші трендке жасанды интеллектіні жатқызады. «Бұл ұзақ уақыт бұрын қолданысқа енген көмекші құрал екені баршамызға мәлім. Смартфондар мен компьютерлердегі электронды көмекшiлер, интернет-дүкендердiң сайттарындағы боттар, экранның арғы жағынан адамның бет-әлпетін тану – бәрi электронды саудада шындыққа айналды және алдағы бірнеше жылда ауқымды дамуды қамтамасыз етедi.
Электронды саудада қолданылатын тағы бір технология – бұл объектілерді тану.  Avito фотосуретпен заттарды іздейтін техникалық мүмкіндікті жүзеге асырды. Біздің техникалық мамандар үнемі жаңа IT-шешімдерді енгізумен айналысады, мысалы, жасанды интеллект негізінде компьютерлік көруді дамыту және т.б. жобалар», – деді Эрик Финнанс.

«Пайдаланушыға дұрыс таңдау жасауға, дұрыс өнімді табуға көмектесу ғана маңызды болып табылмайды, сонымен қатар оны алуды қамтамасыз ету де өте маңызды. Интернеттегі нарықта бәсекелестік өсіп келе жатқандықтан, тапсырысты жеткізу жылдамдығы мен сапасы сатып алушының дүкенді таңдауында ерекше маңызды жағдай болып табылады», – деп атап өтті Avito-ның басшысы жеткізуді төртінші трендке енгізіп.

Онлайн-төлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бесінші тренд деп көрсетіп өтті Эрик Финанс тілшілерге берген сұқбатында. Оның айтуы бойынша қызметті немесе өнімді сатып алу арқылы тұтынушы оның сапасына ғана емес, қауіпсіздігіне де 100% сенімді болғысы келеді. Бұл төлемге сенімді болу, алаяқтарға алданып қалудан қорықпай онлайн режимде брондау арқылы алдын-ала төлем жасау. Барлық осы кепілдіктер онлайн платформаны қамтамасыз етуі керек екенін атап айтты ол.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу