ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ДӘУІРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ

Түпнұсқасы мына сілтеме бойынша: https://vlast.kz/project-syndicate/27117-obrazovanie-v-epohu-cifrovyh-tehnologij.html

Адамзаттың өнертапқыштығы мен шығармашылығы кез-келген технологиялық жетістіктерден озық болып қала береді.

Коичи Хамада — Йель университетінің құрметті профессоры және Жапонияның премьер-министрінің арнайы кеңесшісі

Төртінші өндірістік революция алдыңғыларынан қатты ерекшеленеді: адамдардың жеке пайдасы үшін қажетті дүниелердің тиімдірек қолданылуын жеңілдетудің орнына, технология оларды жұмыссыз қалдыруда. Сұрақ мынада — оны қазір кім пайдаланбақ?

Автоматтардырылған немесе басқа технологиялық қызметтер компаниялардың табысын арттырып қана қоймай, тұтынушыларға адамдар көрсеткен қызметтердің арзанырақ, оңтайлырақ және сенімдірек түрін ұсынуға мүмкіндік береді. Сөзсіз, бұл бұрын сол қызметтерді атқарған адамдарға ауыр соғады.

Әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар қалыпты такси қызметін ысырып қойып, Uber секілді жолшыбай тасымалдау қызметін пайдаланады. Автоматтардырылған интеллекті бар жүргізушісіз автокөліктер  экономикалық тұрғыдан тиімді әрі сенімді болған кезде, Uber және такси жүргізушілері де ескіріп қалады.

Йель университетінің менеджмент мектебінің профессоры Фрэнк Чжанның мәліметіне сәйкес, сауда-саттық қорларындағы нарықтық транзакциялардың 79%-ы бағдарлама жасақтамасы арқылы жасалады. Бұл машинаның үлгілерді адамға қарағанда тиімдірек идентификациялайтынынан хабар береді. Бұл жуардағы қорлар нарығындағы түзетулерге негіз бола алар еді. Қалай болған да, мұның қарапайым саудагерлерге жақсылық әкелмесі анық.

Менің өзім біршама өзгерістер енгізу арқылы Google Translate-тің жұмысын жақсартуға болатынын ұғынып, аудармаға кететін шығынымды азайттым. Алайда, мен осылайша бұл жұмысты атқарып жүрген аспиранттардың табысын кеміттім. Табысы жоғары синхронды аудармашылар жуырда олардың да қызметін машиналар алмастырады деген ойымды келеке ететін шығар. Go секілді өте күрделі стратегиялық ойындардағы машиналық тәсілмен оқытудың жетістігі машиналардың оқу қабілетін бағаламауға болмайтынын көрсетеді.

Қысқаша айтқанда, жасанды интеллект әкелетін революцияның өз жеңімпаздары мен жеңіліс табушылары болады. Жеңу үшін жаңа технологиялардың ығыстыруынан қашып қана қоймай, олар тудыратын жаңа мүмкіндіктерді қолдану аса маңызды. Бұл жапон әрі корей кәсіпкері Масаёси Сон Uber секілді озық мекемелерге инвестициялар жасау арқылы жүзеге асады. Болмаса, осы жаңа экономиканы қолданатын жұмыс орнына қажетті білім мен қабілетті үйрену керек.

Мұндай жауаптар тек жеке тұлғалар үшін емес, жалпы экономика үшін қажет. Мәселен, Жапонияда адам капиталын дамыту — өркендеуді бірқалыпты ұстаудың негізгі көзі болып табылады, себебі халық қартаюда және саны азаюда. Нобель сыйлығының иегері, экономист Джеймс Хекман көрсеткендей, бұл үрдіс ерте кезден басталады. Жас балалардың білімі өнімділікке айтарлықтай әсер етеді. Осы себепті Премьер-Министр Синдзо Абэ 2019 жылы күшіне енетін тұтынушылық салығын арттырудан түскен қосымша табыстың жартысын бастауыш білім беруге құятынын жариялады.

Өзгеріп отыратын цифрлы экономикада жастарды дамуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін осындай инвестициялар білімнің сапасын арттыруға жұмсалуы қажет. Ол үшін тек жаттау немесе қарапайым математикалық есептерге бағытталған оқу бағдарламасын сындарлы ойлау, қарым-қатынас жасау, басшылық қабілетін дамытуға бағытталған бағдарламамен алмастыру керек.

Бүгінгі таңда, Жапониядағы және бәлкім оңтүстік Кореядағы білім беру “Jeopardy” ойынына ұқсайды: көбірек дерекке ие адам — жеңімпаз. Жапон студенттерін топтастырудың ең атақты түрі хенсачи «стандартты ауытқу» деп аударылады. Ол формулалар мен деректерді жаттауға негізделген тестілеу нәтижесінде белгілі бір мекемедегі қатардағы оқушының статистикалық көрсеткіштен қаншалықты алыс екенін көрсетеді.

Хенсачи бағалары жоғары студенттер қаталдау мектептер мен колледждерге ауыстырылады. Онда медицина саласында қызмет етуге қызығушылықтары болмаса да, студенттерді қабылдау емтиханы қиын медицинаны оқуға ынталандырады. Медицинаны таңдамаған жағдайда, олар қаржы, экономика немесе сыртқы істер министрлігі секілді елдің ең беделді министрліктерінің шенеуніктері болуға не Toyota немесе Sony сияқты үздік элиталық фирмаларға кіруге таласады.

Осылайша, хенсачи бағалары адамдардың мансабының траекториясын анықтайды. Жоғары баға адамның зейнеркерлікке шыққанға дейін жайлы өмір кешетінін білдіреді. Осы себепті, жапондық балаларға ақпаратты өте ерте жастан жаттауға тура келеді. Кейде ата-аналар тіпті танымал университетпен байланысы бар балабақша орналасқан ауданға көшіп жатады.

Бұл жүйе Жапонияда басталған жоқ. Бұл — 20-ғасырға дейін басым болған қытай бюрократтарының бағалау жүйесінің таралуы. Тамыр-таныстық жолмен салыстырғанда басымдыққа ие болғанымен, бұл әдісте қарапайым жаттаудың шығармашылық пен өнертапқыштық қабілетті дамытпайтыны есепке алынбаған.

Солай болған күннің өзінде, біз оның тиімділігін анықтай алмаймыз. Себебі, емтиханда жақсы нәтиже көрсету үшін көп мәліметті жаттау ойлануға, қабілетті дамытуға, дарынның ашылуына уақыт қалдырмайды. Міне, осылар қоғам мен елдің дамуына шын үлес қосар еді. Негізінде, хенсачиге негізделген жүйе бағалы дарыны бар адамдардың өз дарындарын пайдалы қабілетке айналдыруларына қолбайлау болып келеді. Қанша дегенмен, жасанды интеллект дәуірінде бұл дарындар мен қабілеттер, әсіресе, үлкен маңызға ие.

Төртінші өндірістік төңкеріс жапонияның деректерді жаттап, есеп-қисапқа негізделген білім беру жүйесіне үлкен соққы болғалы тұр. Бұлар — адамзат жасанды интеллектпен бәсекелесе алмайтын салалар. Технологиялық жетістіктерге қарамастан, адамзаттың өнертапқыштығы мен шығармашылығы одан алда тұрады. Біз осыларды барынша қолданып, жастардың тума дарындарын барынша тиімді жүзеге асыруларына мүмкіндік жасауымыз қажет.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу