ЦИФРЛЫҚ «ЕГІН ЕГУ». ӨНІМ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Мегаполис орталығындағы «тік фермалар», ауыл шаруашылық дақылдарын модельдеу, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді дрондар арқылы түсіру, мал басының жай-күйін онлайн бақылау, бағдарламаланатын ауыл шаруашылық техникасы – бұлардың барлығы іске асуда. Аталған цифрлық технологиялар еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сектордағы – агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуды көздейді.

Цифраландыру элементтерін еліміздің кейбір агрокешендері енгізуде, атап айтсақ өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салаларында. Спутник арқылы жүргізу, жанар-жағармай материалдарының мөлшерін бақылайтын құрылғылар ұшқызсыз басқарылатын құралдар қолданылады. Аталған ақылды құрылғылар уақыт пен ресурстарды үнемдеуге, сонайдай-ақ егістікті егу, егінді жинауды болжау және егін алқаптарын өңдеу мен зиянкестерден қорғауға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл алғашқы бастамалар. Еліміздің шаруаларына Австралия, Канада, АҚШ, Германия, Израиль сияқты жетекші елдерінің тәжірибесін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешендері жаңа технологияларды енгізуі қажет.

Мемлекет басшысы жаңа жаһандық кезеңідегі жағдайға байланысты  бірте-бірте цифрлық саланы трансформциялау арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімін 30% -ға арттыру жөнінде мақсат қойды.

Неге жаңа технологиялар аграрлық сектордың өсуінің сенімді серіктестері екенін түсінуге тырысайық? Бүгінгі таңда бүкіл әлем шаруалары инновацияның көмегімен бизнесті әрі қарай дамыту жөніндегі міндетін қалай шешеді?

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер негізінде «Зерде холдингі» АҚ аналитиктері аграрлық сектордағы цифрландыру мен жоғары технологиялық инновациялардың негізгі әлемдік және еуропалық трендтерін ұсынады.

Қала орталығындағы ферма

Агросектор айтарлықтай технологиялық қорды жинақтап, 2018 жылы оларды интеграциялау кезеңіне көшеді. Тұтас АТ жүйелеріне стартаптар ортасында пайда болатын жаңа агротехнологиялар қосылатын болады. Процестің көшбасшылары Hortau және CropX компаниялары болып табылады, олар техниканы қосатын интеграцияланған сымсыз желілерді әзірлейді. Ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жолдау үшін АТ-жүйелерді тарату ауыл шаруашылығы секторында Big Data және AI кең ауқымды  жүйелерін қолдануға негіз береді.

Әлем бойынша қала тұрғындарының саны өсіп, онымен қоса қала тұрғындары өз әдеттерін (көбінесе үйде жұмыс жасайды, олардың бос уақыттары көп) және мақсат етіп (өздері өсірген органикалық тағамдардан ләззат алады).

Бұл дегеніміз тік фермалардың дамуына әкеледі, бұл қаланың ішіндегі кішігірім аумақта көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жағдай туғызады. Технология алғаш рет 2017 жылы Жапонияда жүзеге асырылды, бірақ 2018 жыл оның өркендеу кезеңі болуы мүмкін.

Мысалы, суды тұтынуды азайта отырып, әдеттегідей ұқсас ауданнан Сан-Францискодағы шыққан Plenty стартапы 350 есе көп өнім шығарады. «Қырыққабат сізді қуанта алады ма?» – деп осылай Plenty өз сайтының басты бетіне сұрақ қояды.

Тік фермалар АТ және аграрлық секторға өзара көмектің ең жақсы мысалдарының бірі болып табылады, олардың тиімділігі күрделі ақпараттық жүйелерге негізделген. Бұл бағыттың танымалдығы инвесторлардың қызығушылығымен расталады: Plenty 200 миллион доллар инвестиция тартты.

Агроөндірісті бақылау үшін тұтас цифрлық жүйелерді дамытумен байланысты ауыл шаруашылық дақылдарын модельдеу болып табылады.

Ауылшаруашылық саласының қызметкерлері енді өздерінің егіс алқаптары туралы ақпараттың ең көп мөлшерін жинап, оны оңай талдай алатындықтан, өсімдіктерді модификациялау әдістерін оңайырақ жүргізеді. Дрондар, жерсеріктер, сенсорлар және басқа да технологиялар деректердің одан да көп көлемінің жинақталуына ықпал етеді, сондықтан қолданыстағы ауыл шаруашылық дақылдарын модификациялауда R&D сапасының өсуі экспоненциалды үрдіс болып табылады.

Ет – етке, сорпа – бетке…

Бүгінгі күннің адамдары азық-түліктің қалай өңделуі жөнінде көбірек білгісі келеді. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін таңбалау, оларды қай жерде кімнің қалай өндіретіндігі туралы деректерді білгісі келеді.

Агроинновациялық жұмысқа енгізілген бірқатар қағидалар ол азық-түлік өнімдері туралы қолжетімді ақпарат пен ашықтық болып табылады.

Тұтынушылар тарапынан осындай сұраныстың бар болуы инновация мен инвесторларды тартуды көздейді.

Басқалар үшін немесе нақты бір жертелімде дақылды өсіруге қолайлы болады. Деректерді жинау және өңдеу технологиялары әрбір жеке жер телімін анықтауға мүмкіндік алып, шаруалар жұмысының тиімділігін арттырады, бұл өнімділікті ұлғайтуға және қол жетімді ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда дәл егін егу шарушылық элементтерінің технологиясын ірі агрохолдингтер өз қызметінде белсенді қолдануда.

Әзірше бұлар өлшемдер – күнделікті өмірде егіс алқабын бақылау,  зиянкестерден қорғау түрлері, тыңайтқыштарды үнемдеу, өнімділікті арттыру және топырақтың құнарлығын талдау.

Алайда жер телімдерін дербестеу – жақын болашақтың еншісіндегі инновация.

Биоинформатика – үлкен көлемдегі биологиялық деректердің алмасу арқылы компьютерлік сақтау мен талдауға негізделген жаңа бағыт.

Жапонияда, АҚШ-та және Еуропада геномдардың үлкен дерекқорлары бар. АҚШ және Швейцария Uniprot алаңын іске қосып, ақуыздардың деректер базасын жинақтады. Үлкен көлемді ақпараттың мақсатты жинақталуы биология ғылымын дамытуға көмектеседі және бұл іс жүзінде биологиялық процестер мен құбылыстарды жақсы түсінуге дақылдардың белсенді модельдеуіне әкеледі. 2011 жылы үнді стартапы StellApps сиыр малының өмір сүруін анықтайтын көрсеткіштер трекерін ойлап тапты, трекер сиыр малына кигізіліп күнделікті жүріс тұрысын бақылайды. Бұл технология мал басын ұстауға жаңа стратегиясын құруға және кенеттен орын алған жағдайлардың алдын алады. Қазірдің өзінде осындай трекерлер әлі де кең таралмаған, бірақ 2018 жылы трекерлерге сұраныс өседі деп күтілуде. Агрокомпанияларда толықтай цифрлық жүйелерді құру – бірінші трендпен байланысты болып тұр.

Болашақ фермер – бұл ғалым

Үш жыл бұрын бірнеше мың тұратын баламалы ақуыздан жасалған бір гамбургердің құны қазір 11 доллар. 2018 жылы бұл бағыттағы ілгерілеу қарқынды болуы мүмкін.

Осындай тенденциялар аграрлық болашақтың дағдылары мен бейімделу тұрғысында ойлануға мәжбүрлейді. Қазіргі технология саласындағы білім ауыл шаруашылығында жетістіктердің айқын көрінісі.

Болашақ фермер – өз уақытының көп бөлігін дақылдарды будандастыратын зертханаларда өткізетін болады. Агробизнестың өнімділігін арттыру үшін көбінесе цифрлық технологияларда жұмыс істіп, ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстардың барлығы автоматтандырылуы керек.

Бұл саладағы кәсіптің өзі өзгеруде. Сенсорлар мен қондырғылардың көмегімен күнделікті тұрғыда топырақ пен өсімдіктердің жай-күйін бақылып отырып, ақпаратты талдау үшін жоғарыөнімділік жүйесі пайдаланылады.

Қажетті деректерді күнделікті шаруға немесе менеджерге жолданып, тиімді егін егу және басқада шешімдер қабылдау үшін керек.

Бұл дегеніміз қажетті ресурстарды ғана жұмсауға мүмкіндік береді. Мысал,а келтірсек, Cargill компаниясы осындай бағдарламалық жасақтамасын жеке өндірісінде қолданады. Жайылымның жай-күйін дрондардың көмегімен қарап шығыуға болады, содан соң Айова штатының фермерлері сияқты картаға қажетті ақпаратты енгізу арқылы барынша нәтижеге қол жеткізу үшін тыңайтқыштарды немесе пестицидтерді қажетті жерге қатаң түрде қолданады.

Бүгінгі таңдағы жаһандық бәсекелестікке төтеп беру үшін ауыл шаруашылығы үлкен деректі талдаудан және ақпаратты жинаудан құрылады.

Шаруашылық иесі уақытылы стратегиялық шешімді қабылдауға және күнделікті өзінің кәсібін кең көлемде бақылау талдаудың арқасында жүреді.

Мысалы, бразилиялық Aegro стартаппы ұсынғандай, егер күнделікті көршілес аймақтағы шаруашылықтарда зиянкестерден қорғауды алдын алу жөнінде бақылау жұмысы жүргізілсе, қондырғы арқылы әр шаруаға зиянкестерден зақымданған жері туралы уақытылы дабыл белгісі келіп, ол химиялық заттарды сатып алады да өз егінін сақтап қалуына жағдай жасайды. Ақпараттық талдау арқылы бірнеше жыл алға зиянкестердің пайда болуы туралы ақпаратты болжауға мүмкіндік берді.

Фермердің қажетті шикізатты, қосалқы бөлшектер мен химиялық заттарды уақытында алынуын қамтамасыз ету үшін өнім уақытылы жеткізіліп, дұрыс сақталуына тұрақты жұмыс жасайтын жеткізу арналары қажет. АТ жүйесі оңтайлы жеткізушілерді немесе мердігерлерді таңдау мүмкіндігін ашады, ал ақпаратты тізбек бойынша сақтау, өнімнің шыққан күнінің айқындылығын көрсетеді. Осылайша, өнім шарудан үйге дейінгі бүкіл арақашықтығы қадағаланады.

Егіс алқаптарынан хабар

Тыңайтқыштарды салу, суару, егінді орнықты уақытта егуді анықтауға үлкен деректер мүмкіндік береді. Өнімнің жай-күйін және топырақ құрамының өзгеруі сонымен қоса былтырғы жылдың статистикасы мен ауа райының деректері сарапталады. Барлық ақпарат сенсорлар, датчиктер, дрондар және техниканың көмегімен енгізіледі, содан кейін өңделуге жіберіледі. Monsanto тыңайтқыш пен тұқымдарды өндірушісі ірі компаниясы жариялағандай, бұдан әрі компанияның негізгі бизнесі деректерді өңдеу технологиясы бағытталмақ.

Егіс алқаптарында көп уақыт өткізетін адамдар үшін мобильді технолгиялар ерекше орынға ие.

Мобильді қосымшалар малбасы, техникаға және егіс алқаптарының жай күйі туралы қажетті ақпаратқа шұғыл қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалға келтірсек, Калифорниялық OnFarm компаниясының қосымшасын қолдану арқылы шаруа ауа-райының және топырақтың жай-күйі туралы мәліметтерін үйлестіре отырып, кезкелген жерден, кезкелген уақытта шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндігі бар.

Интернетке қосылу – уақытылы техниканы жөндеу жұмыстарын жүргізу, техниканы іске қосу бойынша тиімді пайдаланудың ыңғайлы түрі.

Қазірдің өзінде John Deere ірі ауылшаруашылық техникасын өндірушілерінің комбайдері алдынала астықтың жай-күйі туралы ақпаратты жолдай алады. Келешекте компания өзін-өзі басқаратын машина жасауды жоспарлауда.

Машиналар егіс алқаптарына тез келуі мүмкін, себебі күнделікті жол жағдайын талдауды қажет етпейді және көше жодарымен салыстырғанда ол жерде жылдамдық көлемі төмендеу.

Цифрлық мал шаруашылығы – дрондардың және тіркелген датчиктердің көмегімен малбасының жай-күйін бақылауға жағдай жасайды. Сонымен қоса, дрон арқылы жайылымды түсіру «өрістің жасылдану индексін» мен жайылым жерінің жарамдылық көрсеткішін анықтауға болады.

Егер деректер қолайсыз болса, жүйе өрісті өзгертуді сұрайды. John Deere компаниясымен жүргізілетін түсірілімдер өрістерді зерттеуге жұмсалатын шығындардың 90% -ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялар фермерлерді әлемнің әртүрлі бөліктерінде оқыту, озық жұмыс әдістерін, сондай-ақ бірыңғай өндірістік стандарттарды сақтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Nestle компаниясы Батыс Африканың 10 000 шаруасын заманауи ауыл шаруашылығы техникасы сақтау бойынша дәріс береді. Нәтижесінде компания сапалы өнімдерді алды, ал фермерлер – жаһандық нарыққа өнімін жоғары баға өткізуге қол жеткізді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығында АТ-технологияларды пайдалану жоспарланбаған шығындардың 20%-на дейін азайтады, ал жақын арада цифрландырудың әсері тек өсетін болады. IT-технологияларды дұрыс қолдану арқылы аграрлық сектор Қазақстанның экономикасын үшінші жаңғыртудың драйвері бола алады. Сонымен бірге, Қазақстан батыс әлемі қозғалатын траекторияны қайталайды. Егер қандай да бір инновация үрдістерге айналса, ерте ме, кеш пе, қазақстандық аграрлық сектор оларды бейімдейді. Сонымен эволюцияның барлық жолын өтпей-ақ, үйлестірілген late adopters тиімді жұмыс істейтін жүйені пайдалана алады.

«Зерде» Холдингі


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу