Экономика
салаларын цифрландыру

Цифрлық экономика – бұл ірі кәсіпорындарға да,
кіші және орта бизнес үшін де онлайн-мүмкіндіктер
мен инновациялық цифрлық технологияларды қолдану
мүмкіндігі.

2022 жылға қарай не өзгереді

  • Экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейі Әлем елдерінің озық отыздығы деңгейіне дейін артады
  • Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорт өндірістері пайда болады
  • Қазақстанның ірі компанияларын капиталдандыру өтеді, онысымен негізінен жаңа деңгейге шығуды мүмкін етеді
  • Жергілікті электрондық сауда көлемі артады
  • Көлеңкелі экономика үлесі Әлемнің озық отыздығы деңгейіне дейін төмендейді

Қазақстандық кәсіпорындар және Индустрия 4.0

Төртінші өнеркәсіптік революция өндіру процестерін көптеп автоматтандыруды
және осы технологияларды жаппай енгізуді білдіреді.

null
3D-басып шығару
null
AR/VR
null
Жасанды интеллект
null
Big Data

Өнеркәсіпті цифрландыру

Өнеркәсіпте цифрлық технологияларды кеңінен қолдану өндіру процестерінің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде арттыруды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ компанияның бизнес-модельдерін өзгерту есебінен жаңа кіріс көздерін құруды мүмкін етеді.


Өндіруші, өңдеуші өнеркәсіп және электр энергетикасы Қазақстанның нақты экономика секторының негізін құрайды және келесі озат цифрлық шешімдерді талап етеді.

Цифрлық кеніш

Цифрлық кеніш «ақылды» датчиктер көмегімен өндірудің көлемі мен жылдамдығын, жабдықтарды ұтымды пайдалануды бақылауды, сондай-ақ осы деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіруді мүмкін етеді. Бұл жүйе адами факторды барынша төмендетеді және өндірісті онлайн-бақылауды қамтамасыз етеді.

«Цифрлық кеніш» жобасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорнында енгізіліп жатыр.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ

Цифрлық кен орны

Цифрлық кен орны мұнай-газ бұрғылау, сондай-ақ стандартты коммуникациялық технологиялармен бірлесіп іздеу және цифрлық басқарудың бірнеше технологиясын біріктіреді.

«Цифрлық кен орны» алғашқы жобасы 2015 жылы Атырау облысындағы Уаз кен орнындағы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-да енгізілді.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ

Үлгілік цифрлық фабрика

Ақылды фабрика технологиялар көмегімен өндірістің шикізатты өңдеуден бастап тауарларды жеткізуге дейінгі барлық кезеңдерін автоматтандыруды, сондай-ақ осының барлығын бір цифрлық жүйеге біріктіруді бақылауды мүмкін етеді.

Қазақстанның өнеркәсіп секторында жоғары технологиялық өндірістер
қалай пайда болады және жаңа жұмыс орындары қалай құрылады

2018

  • «Интеллектуалды кен орны» жобасын енгізу.
  • «Цифрлық кеніш» жобасын енгізу.
  • Заңнаманы өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға арналған цифрлық технологияларды қолдану бөлігінде өзгерту.
  • Заттардың өнеркәсіптік интернетін дамыту үшін құқықтық жағдайлар құру.

2020

Үлгілік цифрлық фабрикалар құру.

2021

  • Есептеуді бақылау аспаптарын қолдана отырып мұнайды есептеу ақпараттық жүйесін құру.
  • Онлайн-аукцион, сұйылтылған мұнай газ балансын болжау функциялары бар «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» жүйесін дамыту.

2022

4.0 Индустрия шеңберінде тау-кен металлургиялық кешеніндегі ірі компаниялардың цифрлық технологияларды енгізуі («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ , «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ERG, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және т.б.).

Көлікті және логистиканы цифрландыру

Осы секторды цифрландыру транзиттік жүк тасымалының
көлемін арттырады және процестің барлық қатысушылары үшін
қызметтердің сапасын арттырады. Сапалы көлік және логистикалық
инфрақұрылым аумақтардың байланыстылығын арттыру мен
тауарларды межелі жеріне жеткізудің үстеме шығындарын төмендету
есебінен экономиканы дамытуға мықты серпін береді.


Бұл келесі цифрлық шешімдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Интеллектуалды көлік жүйесі

Төмендегілер енгізілетін болады:

  • Қозғалыста өлшеу жүйесі.
  • Жол учаскелерінде төлемді өндіру жүйесі.
  • Көшпелі жол зертханалары.
  • Бейнемониторинг және ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау.
  • Тасымалдау үшін климаттық жағдайларды талдау және болжамдау.
  • Автожолдарда жасанды интеллект енгізу.

Мультимодальды тасымалдау

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау процестерін автоматтандыру енгізілетін болады:

  • Автотасымалдау
  • ТЖ тасымалы
  • Теңіз, өзен тасымалдары
  • Авиатасымалдау

Жол қозғалысын тиімді басқару және көліктің барлық түрлерінің
жай-күйіне мониторинг жасау жүйелері қалай енгізілетін болады

2018

  • 6 аумақта төлемдерді өндіру жүйелері.
  • Мультимодалды тасымалдау жүйесін құру.

2020

  • Шешімдер қабылдауды қолдау және көлемді деректерді талдау жүйесі
  • Автожолдардағы жасанды интеллект

2021

  • Интеллектуалды көлік жүйесін құру және енгізу (жүкті автоматтандырып өлшеу, жол учаскелерінде төлемдерді өндіру және т.б.).
  • Цифрлық технологияларды қолданумен жол активтерін басқару жүйесін енгізу.

Электрондық сауданы, қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту

Бағдарлама Интернет-сауданы жалпы дамыту бойынша елдегі
кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралардың кең кешенін
іске асыруды ұсынады. Ұсынылатын шаралар электрондық сауданы
реттеу, электрондық төлемдерді қабылдауды кеңейту, халықтың
және кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру,
электрондық сауданы ілгерілету, сондай-ақ инфрақұрылымды және
логистиканы дамыту саласында болып отыр.


Қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру бойынша шаралар
кешенін әзірлеу мен іске асыруға ерекше ден қойылатын болады.

Fulfillment-орталығы

Fulfillment-орталығы интернет-дүкендерге тауарды сақтауға, тапсырыстарды құрастыру мен орауға, клиенттерге жіберуге және қайтарылғандарды қабылдауға мүмкіндік береді. Fulfillment-орталықтарының желісі тауарларды сатып алушыларға дейін жеткізудің уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді.

E-Сommerce-орталығы

E-commerce орталығы – бұл онлайн және офлайн бизнестің өкілдеріне арналған коммуникациялық алаң, электрондық саудада КОБ құзыреттерін қолдау және арттыру орталығы, сондай-ақ тауарлады жеткізу бойынша кешенді қызметтер көрсету орталығы.

Электрондық коммерцияның алғашқы орталығы Астанада «Қазпочта» АҚ-да ашылды. Осы жерде кәсіпкерлер оздерінің онлайн-нарықтағы алғашқы қадамдары туралы кеңес алуына болады.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ

Open API

Open API технологиясы әзірлеушілерге өздерінің қосымшаларын құруға арналған дайын блоктарды қолдануды мүмкін етеді.
Open API eGov «Ашық деректер» порталында сәтті қолданылып келеді.

Тұлғаны қашықтан сәйкестендіру

Мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың деректер қорын қолданып, соның ішінде әртүрлі биометриялық көрсеткіштерге сүйене отырып тұлғаны қашықтан сәйкестендіру моделі. Ол қаржылық институттар, клиенттер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау және коммуникацияларға арналған әмбебап цифрлық ортаны құруды мүмкін етеді.

Электрондық сауда, қаржылық технологиялар және қолма-қол ақшасыз
өлемдер саласындағы цифрлық және инфрақұрылымдық шешімдер қалай
енгізілетін болады

2018

  • Электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру.
  • Мобильдік төлемдер мен мобильдік үкіметті ілгерілету үшін eGov инфрақұрылымымен біріктірілген төлем жүйесін енгізу.
  • Fulfillment және E-commerce орталықтарын дамыту.

2019

  • Тұлғаны қашықтан сәйкестендіруді енгізу.
  • Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және қолма-қол ақша айналымын төмендету, сондай-ақ электрондық ақша жүйелерінің интероперабельдігін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу.

2020

Қаржы саласында ашық платформалар (Open API) құру бөлігіндегі реттеуді енгізу.

Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру

Ауыл шаруашылығын цифрландыру өнімнің сапасын арттыруды,
көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ өндірістік процеске адамның
қатысуын қысқартуды мүмкін етеді.
IT-технологиялардың арқасында мемлекет мал шаруашылығындағы
асыл тұқымды малды есепке алу жүйесін, фитосанитарлық
және ветеринарлық тәуекелдерді талдау жүйесін, сондай-ақ
табиғи ресурстардың жай-күйіне автоматты түрде мониторинг
жасауды енгізе алатын болады.


Осының барлығы келесі цифрлық шешімдер арқылы орындалады.

«Нақты егін шаруашылығы»

«Нақты егін шаруашылығы» менеджменті жүйесі фермерлерге нақты уақыт режимінде егістік, ылғалдылық, құнарлы элемент, зиянкестер, жауын-шашын ықтималдылығы және т.б. көрсеткіштерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы бақыланушылық

Төмендегілер енгізіледі:

  • Мал шаруашылығындағы асыл тұқымдыларды есепке алу жүйесі.
  • Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды қадағалау жүйесі.
  • «Фермадан сөреге дейін» жүйесі.

e-Agrotrade

АӨК өнімдерін сатуға арналған бірыңғай электрондық сауда алаңы.

Агроөнеркәсіп кешенін ақпараттандыру саласындағы цифрлық
және инфрақұрылымдық шешімдер қалай енгізілетін болады

2018

Метеорологиялық станцияларды қолдануды қоса алғанда, бірқатар фермерлік қожалықтарда «нақты егін шаруашылығы» элементтерін енгізу.

2019

Ауыл шаруашылығы өнімінің бақыланушылық жүйесін құру және енгізу.

2020

АӨК-те электрондық сауданы енгізу.

2022

«Кеңістіктегі деректердің ұлттық инфрақұрылымы» жобасын әзірлеу және енгізу.