ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ ЕСКЕРТЕДІ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚСЫЗДАНДЫРУЫ МҮМКІН

Илья Хельдің мақаласы. Түпнұсқасы мына сілтеме бойынша: https://hi-news.ru/business-analitics/vef-preduprezhdaet-ii-mozhet-destabilizirovat-finansovuyu-sistemu.html

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) хабарлауынша, жуық арада жасанды интеллект (ЖИ) инвестициялау және басқа да қызметтерді автоматтандыру арқылы қаржы әлемін міндетті түрге өзгеріске ұшырататын көрінеді. Алайда, жүйенің әлсіз және қатерлі тұстарын үйлесімсіздікке ұшыратуы ықтимал.

Бұл саланың ондаған жетекші қаржы мамандары мен үздіктерімен сұхбаттасу нәтижесінде жасалған баяндамада жасанды интеллекттің бұл саланы түбегейлі жойып, алғаш келгендерге бәсекелік артықшылыққа мүмкіндік береді делінген. Бұдан шығатын тағы бір қорытынды — технологиялар тұтынушыларға жеке қаржысы мен инвестициясын басқаруға қажетті күрделі құралдар секілді ыңғайлырақ тауарларды ұсынуға мүмкіндік тудырады.

Болашақта банктерге не болмақ?
Дегенмен, ең бастысы — баяндамада ірі қаржы мекемелерінің машиналық тәсілде оқыту арқылы қызметтер тудыру мүмкіндігі көрсетілгендігі. Бұл бұлттық қызметтерді басқа мекемелер пайдалана алады.

«Машиналық тәсілмен оқыту динамикасы бэк-офисты біріктіруге үлкен стимул тудыруда, — дейді баяндаманың бас авторы Джесси МакУотерс, — Желілік әлем киберқауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне тыс осал. Сондай-ақ, ол шоғырлану қаупін тудырады».

Басқаша айтқанда, машиналық тәсілмен оқытуды қамтитын және ұлт арқылы көптеген мекемелерге қолжетімді қаржы жүйелері хакерлерге аса қызықты болып қана қоймай, жүйелік іркілістің бірыңғай нүктесіне айналуы мүмкін.

Жасанды интеллект серпілісінің қақ ортасындағы машиналық тәсілмен оқыту технологиясы Уолл-Стритте қарқынды дамуда. Қаржы компанияларының инновацияға деген талпынысы мен ақпараты жетерлік. Хедж-фондтар мен банктер барынша тез жасанды интеллект саласындағы мамандарды жұмасқа алуда, ал қаржы саласы бэк-офисті толық автоматтандыруды тәжірибеден өткізуде. Жоғары сапалы трейдингті автоматтардыру қашанда жүйелік қауіптер тудырып келген. Жалпы алғанда, жүйе күрделілігі себепті күткеннен осалдау болып шығуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу