ЕГІСТІКТЕР МЕН ФЕРМАЛАРДАН БАСТАП ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНЕ ДЕЙІН ТАУАРЛАРДЫҢ ӨТКЕН ЖОЛЫ QR-КОДТА

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдердің бақылау жүйесі әзірленіп жатыр. Сатып алушылар сөрелердегі тауарлар туралы ақпаратты өзінің телефонының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы біле алады. Бұл етке, балыққа және өсімдік тектес өнімдерге қатысты.

Ауыл шаруашылық өнімдерін бақылау физикалық және құжаттық түрде болады. Біріншісі, мысалы жануарларға құлақ биркаларын тағу арқылы физикалық түрде бақылауды білдіреді. Бұдан басқа, осы түрді іске асыру тауардың таңбалануын да талап етеді. Осыған  орай, тауарларды таңбалау және бақылаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құруға бет бұрды. Құжаттық бақылау ветеринарлық және фитосанитарлық сертификаттардың болуын көздейді.

Бұл жаңашылдық бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. QR-кодтың арқасында тұтынушылар еттің қай жақтан келгенін, малдың тұқымын, жануарды немен қоректендіргенін, қандай екпе жасалғандығын, иесі кім екенін біле алады, яғни онда туғаннан бастап сойғанға дейінгі барлық мәліметтер болады. Бүкіл осы ақпаратты алу үшін арнайы мобильдік қосымша әзірленетін болады. Мәліметтер отандық тауарларды, онымен қоса үстіне жүйеге енгізілетін импорттық өнімдерді, мәселен, Аргентина немесе Ресейден әкелінген ет өнімдерін қамтиды,

Сондай-ақ, бақылау жүйесі Қазақстанға өзінің өнімін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Жануар ауырып қалған жағдайда, одан мал дәрігерлік зертханаларда талдау алынады және егер де ол жұқпалы болса, бірден карантин жариялайды. Малды кіргізу мен шығаруға толықтай тыйым салынады, мал дәрігерлік анықтамалар беру тоқтатылады, жұқтырған жануарлардың бүкіл партиясы жойылады, қалғандарына карантин жариялайды, малмен жұмыс жасайтын адамдарды тексереді, жерді өңдейді. Экспортқа шығу мәселесіне орай, аурудың белең алуынан сақтану керек. Ал мұндай жүйеде ауру ошағы бірден оқшауландырылады.

Бақылау өсімдік шаруашылығында және балық өнімінде де енгізілетін болады. Өсімдіктің шығару үдерістермен қоса алғанда–тұқым мен тыңайтудан бастап сақтауға, тасымалдауға және іске асыруға дейінгі бүкіл өмірлік кезеңін байқауға болады. Балық айналымын мониторингтеуді автоматтандыру браконьерліктің көлемін  және заңсыз өнім айналымын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ балық ресурстарын сақтауды қамтамасыз етеді. Балықты шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметі туралы, сондай-ақ сатып алу және өткізу мен айналысатындар туралы барлық ақпарат өңделіп және жинақталатын болады.

Бұл жүйе 2019 жылы толықтай енгізілетін болады.

Екатерина Зунзяк, Камилла Рашид


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу