EGOV АРҚЫЛЫ БИЗНЕС АШУ ПРОЦЕДУРАСЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Қазақстандықтар үшін онлайн-режимде бизнес ашу қызметі бес жылдан бері қолжетімді болып келеді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, одан кейін банкте есепшот ашып, сонымен қатар сақтандыру компанияларына өздері баратын болған. Қазір бұл қызметтер электрондық үкімет порталында ықпалдастырылды.

Жаңа жеңілдетілген функция осы жылдың басынан бастап қолжетімді. Үш жеке қызмет біріктірілді, енді бизнесмендер қажетті қағаздарын әр түрлі жерлерде рәсімдеуге уақыттарын кетірмейді.

Қазіргі кезде кәсіпорынды онлайн-режимде тіркеу кезінде «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық банкі» және «Альфа-Банк» сияқты банктерден банктік есепшотты бір мезетте ашуға болады. Электрондық тіркеу кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» және «Asia-life.kz» компанияларымен сақтандыру келісімшартын  жасауға болады.

Келешекте тағы да тоғыз банк пен төрт сақтандыру компаниясы қосылатын болады.

Бизнесті онлайн-тіркеу нұсқасы өте қолайлы. Егер бұрын бизнесті рәсімдеуга бір ай уақыт кететін болса, қазір Egov порталында оны жарты сағаттан аз уақытта жасауға болады. Сондай-ақ, әр түрлі құжатты жинау және мемлекеттік инстанцияларға бару қажет емес. Сайтта өтініш толтырғанда бизнесменнің жылжымайтын мүлігінің болуын бірден тексереді. Электрондық қызмет Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді, ол туралы толық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтың мамандарынан 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірі арқылы білуге болады.

Екатерина Зунзяк


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу