ЕЛОРДАДА 2019 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 10 МЫҢНАН АСА АВТОТҰРАҚТАР АШЫЛМАҚ

Астанада 2018-2019 жылдары 10 мыңнан аса ақылы көлік тұрақтарын ашу жорпарлануда. Бұл туралы «Астана қаласы көлік кеңістігін басқару» ЖШС хабарлады.

«Бүкіл елорда аумағында 2019 жылға дейін 10 мыңнан аса автокөлік тұрақтарын ашуды жоспарлаудамыз. Ол тұрақтардың қай жерде ашылатынын қала әкімдігі анықтайтын болады», – деді компания өкілі.

Бас қаладағы ақылы тұрақ кеңістігі ретінде Нұржол бульвары таңдалды. Ол жердің ақылы тұрақ ретінде таңдалуының өзіндік себептері бар.

«Нұржол бульвары көлік ең тығыз орналасқан мекен. Неге десеңіз, осы аумақта елордадағы басты әкімшілік мекемелер мен ірі ойын-сауық орталығы бар. Сол себептен үнемі көлік кептелісі мен орын тапшылығы туындайтыны бәрімізге белгілі», – деді «Астана қаласы көлік кеңістігін басқару» ЖШС-нің қызметкері.

Оның айтуынша, ақылы тұрақтар елордадағы транспорт саласында келеңсіздіктерді шешудің өркениетті түрі. Бұл әсіресе көлік кептелісі қатты күшейіп кеткен кезде өз пайдасын тигізеді. Ал, бас қаламыз бұрыннан бері осындай көлік қоятын кеңістікке мұқтаж болып келген еді.

Астана қаласының әкімдігінің бекітуі бойынша, «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған адамдар, бала кезінен мүгедектер мен I және II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ұрыс қимылдарына қатысқандарға, мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» наградталған және т.б. марапатталған көп балалы аналарға, Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға, ақылы тұрақтар тегін.

Айта кетейік, Астанада 2018 жылдың 15 қаңтарында Нұржол бульварында ақылы тұрақ іске қосылған болатын. Жобаның жалпы көлемі 20 жылды қамтиды. Онда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Төлем жүйесі болса қолма қол және карточкалық форматта жүзеге асады. Бұған қоса, тұрақ ақысын төлеудің барлық  тәсілдерімен 2888.kz  сайтының  “Төлеу тәсілдері”  бөлімінде таныса аласыз. Айыппұл мөлшері: тұрақ ақысын төлеуден жалтарған адамға  3 АЕК  мөлшерінде  айыппұл салынады,  ал  мұндай жайт  бір жыл ішінде тағы қайталанған болса,  айыппұл мөлшері  5 АЕК құрайды.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу