ХҚКО-ДАҒЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АРҚЫЛЫ КЕЗЕК КҮТУ УАҚЫТЫ АЗАЮДА

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ситуациялық орталық арқылы көптеген келеңсіздіктер шешілетін болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

«ХҚКО-на келген барлық адам талон алғаннан кейін автоматты түрде біздің жүйеге жазылып қалады. Артынша осы арқылы біз оларды онлайн бақылап отырамыз. Бұл ситуациялық орталық деп аталады. Осы арқылы барлық адамды жүйе арқылы бақылап, оның қанша уақыт күтетінін, операторлардың қай кезде босайтынын біліп отырамыз», – деді А. Оспанов.

Сондай-ақ, аталған орталық қызметкерлері де мониторинг арқылы бақылауда болады. Бұдан оның қай уақытта босайтынын, тұрғынға қызмет етуде қанша уақыт жұмсайтынын біліп отырады.

«Бақылаушы операторлар болса кез келген ХҚКО-ға хабарласып, кезекті ұзақ күткен тұрғынға көмек көрсетуін өтінеді. Осындай ситуациялық орталық арқылы ХҚКО-дағы көптеген келеңсіздердің алдын алудамыз. Сондай-ақ, біздің өкілдің қызметіне тұрғындар өз бағасын бере алады. Егер де нашар қызмет көрсетті деп басатын болса, біз ол тұрғынға қай оператордың көзмет көрсеткенін жүйе арқылы білеміз», – деді ол.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Ол 2016 жылдың 7-ші сәуірінде құрылған болатын.

Естеріңізге сала кетелік, ХҚКО 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды. Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚКО ның басты оң қасиеттеріне айналды. Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «бір терезе» жобасының тиімділігі толық дәлелденіп отыр.

Сонымен қатар бүгінде ХҚКО арқылы ақылы қызметтер көрсету жұмысы қарқынды жүруде. Алдағы уақытта да бұл қызметті барлық тұтынушылар пайдалана отырып уақыт үнемдеп тез арада құжаттарын дайындатып алуына болады. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. ХҚКО әрі қарай да халыққа жемісті еңбек ете бермек.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу