ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ШОПИНГ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ

Қазіргі заман адамы тауарды немесе қызметті тез, сенімді және ыңғайлы үш өлшемшарт бойынша таңдайды.

Электронды сауда 25 жыл бұрын пайда болды, ал алғашқы қазақстандық интернет-дүкенге 20 жыл толды. Содан бері электрондық коммерция, біртіндеп нарықтағы үйреншікті сауда нүктелерін ығыстыра отырып, сенімді қарқын алуда. Яғни, тұтынушы, тегін жеткізу, аудару арқылы төлеу, жағымды бонустар, кең ассортимент, тауарды ауыстыру немесе қайтару сияқты жағымды бонустарғаға қол жеткізді, сондай –ақ, ерекше жағымдысы – қолжетімді бағалар. Бұл туралы айтпағанның өзінде, ең жағымдысы- уақытты үнемдеу.

«Зерде» холдингі» АҚ сарапшылары бағалар айырмашылығын түсіну электрондық дүкендер сайттары («е-дүкендерге) және үйреншікті сауда нүктелеріне талдау жүргізді. Зерттеудің негізгі нысандары:

• Орталық базар (Астана);
• Сауда нүктелері («Рамстор», «Ануар»);
• Интернет-дүкендер («Астықжан», «Рамстор», «Метро», satu.kz, AliЕxpress);
Зерттелген заттар:
• Тұрмыстық химия
• Азық-түлік
• Тұрмыстық техника

Тұрмыстық химия, атап айтқанда, «Миф»,«Persil» сияқты жуғыш заттар базарда және сауда орындарында е- дүкендерге қарағанда 10-15 % -ға қымбат тұрады. «Миф» базарда орташа бағамен 3700 теңге болса, «Астықжан» гипермаркеті интернет- дүкенінде ол 2900 теңге тұрады. «Comet» тазартқышын астаналықтар базардан 300 теңгеге алатын болса, үйден шықпастан, «Рамстор» сайтында оны 23 теңгеге арзан ала алады. «Siberica» шаш жуғышын электронды коммерция ресурстар арқылы 909 теңгеге сатып алса, базарда оны 1340 теңгеден сатады.

Азық- түлікке қатысты бағаның айырмашылығы аса көп емес, бірақ электронды дүкендер өздерінің яғни ыңғайлы қаптаулары (тауардың салмағы мен қаптамадағы түрі), ай сайынғы әр түрлі акциялары сияқты ерекше сервистерімен тартады. Мәселен, «Щедевр» сұйық майы satu.kz интернет- дүкенінде 360 теңге, ал базарда 480 теңге тұрады.

Бірақ, басқа азық- түлік түрлеріне баға айырмашылығы аса көп емес болса да, интернет –дүкендер «1+1», «Үшеуін бір бағаға ал» және т.б. ыңғайлы ақцияларымен тұтынушыларды өздеріне тартады.

Тұрмыстық техника. Камераға және ұялы телефонға арналған кәдімгі штатив «Технодом» дүкенінде 10 мың теңге шамасында тұрса, AliЕxpress-те, үйге тегін жеткізумен, 7 мың теңгеге табуға болады. Сондай-ақ AliЕxpress 20-ға жуық әр түрлі сымсыз колонканы 1500 теңгеден бастап ұсынса, базарда бұл портативті құрылғы 4 500 теңге тұрады.

Бұлар тек интернет- дүкендерде ұсынылатын азық-түлік және тауарлар дың бір бөлігі ғана. Қазіргі уақытта әлемде көптеген тұтынушылар онлайн- шопингті Аmazon, AliExpress, Таоbао,«Lamoda», Ebay сияқты атақты сайттарда жасайды.

Халық тұтынатын тауарлардың бағасын салыстыру

Untitled-1

Қазақстанда да интернет-дүкендердің саны артуда. Соңғы деректерге қарағанда, елімізде 1700- ден астам интернет-дүкендер жұмыс істейді. Қазақстандық онлайн-сатып алушылар бірінші кезекте киім, аяқ киім және аксессуарлар, екінші кезекте – азық-түлік, үшінші кезекте – дәрілік препараттарды сатып алуға мән береді. Тұтынушылар қазық түліктерді базарда немесе сауда орындарында сатып алу кезінде жиі кездесетін ыңғайсыздықтарды ұмытпауы қажет, олардың ең белгілісі:

• Жол кептелістері (үй – базар – үй);
• Көлік қою кезіндегі қиындықтар;
• Қолайсыз ауа-райында сауда жасау ыңғайсыздығы;
• Жол шығындары (автобус, такси немесе жанар май сатып алу);
• Уақыт жоғалту;
• Кассадағы кезек;
• Азық-түлікті әртүрлі және алыс орналасқан сауда нүктелерінен іздеу;
• Аудару арқылы есептесудуің болмауы.

Электорондық сауданың артықшылықтары:
• Уақыт үнемдеу;
• Ақша үнемдеу;
• Жеткізу;
• Акциялар;
• Бонустар;
• Аудару арқылы есептесу;
• Қосымша шығындардың жоқтығы.

Қорытынды: Электрондық саудада сатуды ынталандырудың үлкен көлемді элементтері және айқын артықшылықтары бар.

Қазақстанда, электрондық дүкендері санының өсуіне қарамастан, интернет-сатып алулар енді ғана белсенді дами бастады. Еліміздегі электрондық сауда үлесі бөлшектеу айналымының аз бөлігін – 1% (в 2016 жылы) құрайды. Цифрландыру дәуірінде оны арттыру қажеттілігі маңызды міндеттер болып табылады. Бұл саланың дамуы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Электрондық сатудың үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 2022 жылы Республикада 2,6 % құрайды деп күтілуде.

Электрондық сауда бойынша оң болжамдарды «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов жасады. Оның айтуынша, 2020 жылға қарай электрондық коммерция нарығы 3 есеге артады.

Алдағы 10 жыл ішінде Қазақстандағы электрондық сауда бірқатар сапалы өзгерістер есебінен өседі деп күтілуде. Оның ішінде: жеткізудің тиімділігінің артуы, яғни жеткізудің жаңа тәсілдеін қолдану есебінен, клиент талдамасын кеңінен қолдану, тауарлар ассортиментін кеңейту және интернет коммерцияның танымалдылығының артуы.

Қаракөз Тасболатова


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу