Бағдарлама туралы

«Цифрлық Қазақстан» экономикаға, бизнес
пен азаматтарға негізінен жаңа даму траекториясына
шығуға мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады.

Мембағдарламаны 2018-2022 жылдарда іске
асыру басты бес бағыт бойынша жүргізілетін болады:

1. «Экономика салаларын цифрландыру»– алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын мүмкіндіктерді қолдана отырып ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайту құру.

2. «Цифрлық мемлекетке өту»– халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала болжай отырып қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.

3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»– деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.

4. «Адами капиталды дамыту»– креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.

5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асырылған барлық іс-шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, еңбек өнімділігі мен ІЖӨ құрылымында кіші және орта бизнестердің үлесін артыруды мүмкін етеді.

Бағдарламаның жобалары,
іс-шаралары және индикаторлары туралы көбірек біліңіз

«Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы

Бағдарламаның
іс-шаралар жоспары

Бағдарламаның
шапшаң жеңістері

Цифрлық сауаттылық
курстарында оқыту кестесі