ОНЛАЙН САУДА ҮШІН САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР

2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның жаңа Салық кодексі күшіне енді, онда «тауарлармен электрондық сауда» атты жаңа түсінік енгізілді. Жаңалық қазіргі заманға сай еліміздегі электрондық сауда бизнесі түрлерімен айналысатын азаматтар үшін табыс салығының есептелген сомасын азайту арқылы салық жеңілдігі есебінен ынталандыру. Мұндай жеңілдік Қазақстандағы интернет-сауданы дамытуға серпін берді деп күтілуде.

Қазақстанда күнделікті кемінде бір онлайн-дүкен ашылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес) электрондық коммерция нарығы Қазақстанда 800 млн. АҚШ долларын құрады. Киім-кешек, тұрмыстық техника, авиа, теміржол билеттері, сондай-ақ әр түрлі мәдени-бұқаралық ісшараларға билеттер сияқты қызметтерді алу ең көп сұранысқа ие болуда.

Қазақстандық интернет-бизнес және мобильдік коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкиннің айтуынша, Қазақстанда соңғы үш жылда е-коммерция нарығы өте қарқынды дамып келеді және өсім орта есеппен алғанда долларлық мәнде шамамен 30% құрайды. Статистика деректеріне сәйкес, бүгінгі күні елімізде бір жарым мыңнан астам интернет-дүкен табысты жұмыс істеп жатыр. Бір жылда олардың саны шамамен үш есеге артады. Сонымен қатар, ғаламдық желі арқылы қызметтер сатылғандығын айта кету керек, – деді К.Горожанкин.

Интернет-дүкендер сатып алушылардың мүмкіндіктерін барынша кеңейтеді, себебі мұнда бір уақытта тауар туралы ақпаратты алуға, лайықтысын таңдауға және бір рет басу арқылы сатып алуға болады.

Салық кодексіндегі жаңа енгізілімдер кәсіпкерлерді заң аясында жұмыс істеуге барынша ыңғайлылы жағдайды ұсыну мақсатын көздейді, ал мемлекет қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрін дамытуға белсенді ынталандырады. Не үшін? Бұл кәсіпкерлерге заңды түрде пайда табуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің бақылауында болады. Сонымен бірге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу айтарлықтай көлеңкелі айналым деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа Салық кодексі заңды тұлғаларды корпоративтік табыс салығын, жеке кәсіпкерлерді – жеке табыс салығын төлеуден босатылған. Бірақ қатаң сақталуы тиіс белгілі бір шарттары да бар. Бірінші: тауар үшін төлемді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жасалуы тиіс. Екінші: сатып алушымен келісімшарт онлайн режимде жасалуы қажет. Үшіншіден: кәсіпкердің міндетті түрде өзінің жеткізу қызметі немесе тауарды тасымалдаумен, алып жіберу, жеткізумен айналысатын тұлғамен келісімшарт жасалуы керек.

Интернет-алаңдары бұл жұмысты заңдастырады, сонымен қоса, мемлекет сатып алушылардың мүдделерін қорғайды, егерде сатушы сайтта жарияланғанға сәйкес келмейтін тауарды ұсынса. Басты ерекшелігі: салықтың осы түрінен босату жеке тұлғалармен жүзеге асырылған электрондық саудадан түскен табыс шаруашылық субъектісінің жылдық жиынтық табысының кем дегенде 90% -ын құраған жағдайда ғана мүмкін.

Е-саудамен айналысуға ниеті бар кәсіпкер жеке немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, мемлекеттік кірістер органдарына осындай қызмет түрін бастау туралы және салық төлеуші ретінде хабарламаны жолдауы қажет. Содан кейін, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында кәсіпкер есептілікті ұсыну нысанын таңдауы қажет, ал тауарларға ақы төлеу туралы ақпарат тікелей банктер немесе басқа қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын болады.

Келесі электрондық сауда саласында қызметті бастау туралы хабарламаның берілу тәртібі.

Егер бүгінде хабарламаны мемлекеттік кірістер басқармасына тұрғылықты жерің бойынша жолданса, болашақта «е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы электрондық түрде хабарлама жолдау мүмкіндігі пайда болады.

Салықты ынталандыру, кез-келген бизнесті дамудың басты шараларының бірі, оның ішінде серпінді дамып келе жатқан е-сауда екені белгілі.

Электрондық сауда – ең қарқынды дамып келе жатқан сала. Интернет сауданың болашағы өте зор, сондықтан мемлекет осы салада қарым-қатынастарды реттейтін құқықытық негіз жасай отырып, интернет арқылы осы сату бизнес түрлерін кәсіпкерлер үшін де тұтынушылар үшін қолайлы болуы қажет.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу