Цифрлық
мемлекетке өту

Цифрлық мемлекет – бұл азаматтар мен бизнес үшін
кез келгенуақытта онлайн қолжетімді, ашық және
қолайлы мүмкіндіктер.

2022 жылға қарай не өзгереді

  • Электрондық түрде алынған мемқызметтер үлесі 80%-ға дейін артады
  • Әкімшілік іс жүргізу толықтай және қылмыстық іс жүргізу ішінара электрондық форматқа өтеді
  • Қазақстанның ірі қалалары Smart City тұжырымдамасына өтеді
smartcity

Мемлекет – азаматтарға

Цифрлық технологияларды енгізу азаматтарға электрондық
форматтағы мемқызметтерді жылдам әрі дербес алуды мүмкін етеді.
Көптеген меморгандар, азаматтардың қажеттіктерін біле отырып,
оларға мекемелерге барудың қажетінсіз қызмет көрсету үшін алдын
ала байланыса алатын болады.


Осының барлығы келесі цифрлық шешімдер арқылы іске асырылатын болады.

Раper-free

Қағазсыз құжат айналымы

  • Digital by default — мемқызметтерді электрондық форматқа көшіру.
  • OPEN API — қызметтерді бөлек қосымшалар арқылы алу.
  • Анықтамалар сұратуды алып тастау.

Электрондық еңбек биржасы

Мемлекеттік жұмыспен қамту жүйелері мен жеке агенттіктерді ортақ интернет алаңға шоғырландыру.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемкадастрі» АЖ

Ақпараттық жүйе жер қатынастары, сәулет, құрылыс, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, геология, тұрғын-үй коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтерді біріктіреді. Кез келген қайта пайда болған объект, үй немесе жол болсын, мемлекеттік қызмет процедураларын өту кезінде оны алдын ала белсенді режиммен жаңарта отырып, картаға шығарылатын болады.

e-Health

Электрондық денсаулық сақтау

  • Диагноз қою және емдеу жоспарын басқару бөлігінде жасанды интеллект.
  • Мобильді денсаулық сақтау (mHealth) және «қашықтан» кеңес беру.
  • ҚР азаматтарына арналған электрондық денсаулық құжаты.

Мемлекет – бизнеске

Мемлекет пен бизнестің цифрлық өзара іс-қимыл жасауы
кәсіпкерлерге барлық қажетті қызметтерді онлайн алуды,
сондай-ақ бухгалтерия, адами ресурстарды басқару, қаржылық
талдау және т.б. бірыңғай ІТ-сервистерді қолдануға мүмкіндік береді.


Осылар келесі цифрлық шешімдер арқылы мүмкін болады.

Экспорт-импорт операциялары бойынша бір терезе

«Бір терезе» бизнеске құжаттарды кеденге қағаз жеткізгіштерде ұсыну қажеттігінен арылтады. Қол жеткізудің бірыңғай нүктесі арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауарларды кедендік тазарту кезінде мемлекеттік органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады.

  • Толассыз мониторинг пен тауарлар қозғалысын автоматтандыру.
  • Тауарларды бақылау (сәйкесендіру) белгілерімен таңбалаудың ақпараттық жүйесі.

Кіші және орта бизнесті қолдауды цифрландыру

  • ІТ-қызметтердің және цифрлық бизнес модельдердің базалық пакеттерін ұсыну.
  • КОБ тізімдері мен тексеру кестелерін автоматты түрде қалыптастыру.
  • Кәсіпкерлердің тексерулердің заңдылығын бақылауға арналған «Qamqor» мобильді қосымшасы.
  • Бір алаңда мемқолдаудың ашық және автоматтандырылған шаралары.

Виртуалды қойма

ҚР ҚҚС-есебі мен Блокчейн технологиясын қолдана отырып электрондық шот-фактуралар жүргізуді әкімшілендіру.

Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру

Меморгандардың тиімді қызметі кадрлық, бухгалтерлік есеп,
бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
және орындау, басқа да мемлекеттік органдармен қатынасхаттар
сияқты және т.б. операцияларды автоматтандыру арқылы мүмкін
болады.


Бұл келесі цифрлық шешімдер мен ақпараттық жүйелерді (АЖ)
енгізу арқылы іске асырылады.

eGov платформасын дамыту

  • Персоналдау және омниканальдік арқылы халықтың қажеттіктеріне назар аудару.
  • Алдын ала белсенді қызметтерді кеңейту.

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Келесілер енгізіледі:

  • Электрондық санкциялау және істерді сотқа беру.
  • Электрондық форматтағы қылмыстық және әкімшілік істер.
  • Тексеру тізімдері мен кестелерді автоматты түрде қалыптастыру.
  • Полицияға, меморгандарға және т.б. өтініштерді қабылдау бойынша «бір терезе».
  • Құқық бұзушылықты жасау мүмкіндігін жоюға арналған Big Data.
  • Авиажолаушылар туралы деректер жинаудың автоматтандырылған жүйесі.

«Ақылды» қалалар

Цифрлық технологиялар тұрғындар мен туристер үшін
қолайлы жағдайлар жасауды мүмкін етеді.


Көлік, әлеуметтік, тұрғын-үй инфрақұрылымын жетілдіру
және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі инновациялық
шешімдер арқылы мүмкін болады.

Электрондық ПИК

QR-коды бар әрбір ғимараттың өз сайты болады, онда өзекті ақпарат орналастырылады – қызмет көрсетуші ұйымдардың, учаскелік полицейдің, отбасылық дәрігердің телефондары және көптеген басқа да ақпарат.

ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ

Smart City

«Ақылды қала» тұжырымы енгізілетін қалалар:

  • «Smart Astana»
  • «Smart Almaty»
  • «Smart Ontustyk»
  • «Smart Aktobe»
  • «Smart Karaganda»

Қазақстан қалаларында Smart City қалай енгізілетін болады

2017

Smart City тұжырымдамасы.

2018

Әмбебап шешімдер енгізу (бұлттық ЭҚЖ, paper free және т.б.).

2019-2020

Салалық шешімдерді енгізу (телемедицина, school management systems және т.б.).

2021-2023

Бірлескен инновациялар арқылы өзара іс-қимыл жасау.