ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТ-ҚОҒАМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, АT-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Үкімет басшысы АT-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде экономиканы цифрландыру мен қазақстандық АT-қауымдастықты дамытудың ауқымды жұмыстарының негізгі кезеңдерін талқылады. Атап айтатын болсақ, «Astana Hub» АТ-стартаптардың халықаралық технопаркінің инновациялық кластерін құру, отандық кадрларды даярлау, ақпараттық қауіпсіздік, АТ-стартаптар үшін инновациялық гранттар бөлу, сондай-ақ отандық АТ-қызметтердің экспорттық әлеуетін қолдау және отандық АТ-компаниялардың қызметтеріне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою сияқты негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды.

Бизнес-қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамыту туралы өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, өздерінің ұсыныстары мен қызығушылық танытатын кейбір мәселелерін талқылады. Солардың ішінде, бүгінгі таңда елімізде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, отандық АТ-компанияларды мемлекеттік қолдау, МЖӘ тетіктерін жетілдіру, электрондық коммерцияны ынталандыру, АT-компаниялар арасында бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ, цифрлық экономика дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жаңғыртуды қолға алу сияқты сұрақтар.

Бұл кездесуде, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 20 отандық АТ-компанияның мүмкіндіктері туралы презентациялық стендтермен танысты.

Айта кетелік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында цифрландыруды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген еді.

«Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет АТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияларды қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады», – деп айтылып кеткен Жолдауда.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу