ПРЕСС-АНОНС | DIGITAL BRIDGE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИННОВЦИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылдың 5 қараша күні Астана қаласында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялқ холдингі» АҚ және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастыруымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық конференциясы өтеді.

Конференцияға халықаралық ІТ- қоғамдастықтардың басты өкілдері, технология саласындағы  танымал сарапшылар, кәсіпорындар басшылары,  әр түрлі елдердің мемлекеттік аппарат өкілдері, цифрлық әзірлемелер саласының кәсіпқойлары, ғалымдар, сондай-ақ венчурлық капиталистер мен инвесторлар қатысады.

Digital Bridge – бұл халықаралық инновациялық қозғалыстың қатысушыларын біріктіретін жаңа құрал, міндеті – цифрлық трансформация, электрондық үкімет,  технологиялық кәсіпкерлік және 4-өндірістік революция  идеяларын ілгерілетуге арналған Еуропа мен Азия елдері арасындағы диалогтік алаңды құрау болып табылады.

Іс-шара аясында Қазақстандағы алғаш рет инновациялар саласындағы Digital Bridge Awards байқауы өтеді. Байқау ІТ-нарығын және мемлекеттік органдарды  Қазақстандағы цифрлық трансформациялау  аясында үздік нәтижелерге ынталандыруға мүмкіндік береді.

DigitalBridgeAwards байқауы «Үздік цифрлық бастама», «Үздік цифрлық кеңсе» және «Үздік стартап» номинациялары бойынша үздіктерді анықтайды.

Сонымен қатар, Digital Bridge форумы аясында Bridge  Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі бастамасымен екі эксклюзивті іс-шара өткізіледі: Astana Hub Battle – Еуразияның 100 үздік стартаптары арасындағы байқау және Astana Hub Awards – Қазақстанның стартап-индустриясы саласындағы сыйлық тапсыру.

Технологиялық жобалармен айналысатын жас командалар бұл күні өз күштерін сынап, қазылар алқасы алдында өзінің зерттемелерін ұсына алады.

Astana Hub Awards сыйлығы аясында келесі номинациялар бойынша марапаттау жүргізіледі: «Жыл techpreneur-і»; «Жыл жаңалығы»; «Үздік технологиялық стартап»; «Мемлекеттік секторға арналған үздік IT-жоба»; «Жыл топжарғаны». Astana Hub Awards байқауы жыл сайын өткізіледі деп болжанады.

 Digital Bridge қатысушылары мүдделі команиялармен мен басқа қатысушылармен 30-минуттық 1:1 B2B кездесулерін өткізуге мүмкіндік алады.

Digital Bridge – биыл Қазақстанда өткізілетін басты инновациялық оқиғалардың бірі. Форум аясында әр түрлі елдер өкілдерімен цифрландыру тәжірибесімен алмасу, инвесторлар мен іскерлік әріптестермен кездесу өткізуге ерекше мүмкіндік жасалынады. Бірегей диалог алаңында 30-дан астам спикер цифрландыру саласында соңғы әледік трендтерді талқылап, үздік тәжірибелер мен бизнес-модельдермен бөліседі.

Спикерлер арасында – 500 Startups әріптесі Марвин Ляо; Startup Genome Бас директоры Жан Франсуа Готье; Hyperloop Transportation бас директоры Дирк Албон; кәсіпкер, кеңесші  және Стартап Академия менторы, стартап-тақырыбы бойынша  көптеген бестселлердің авторы Боб Дорф; Галактика ғарыштық жеке меншік компнияның негізін қалаушысы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group негізін қалаушы Джефф Хоффман; UC Berkeley-да оқытушы және стартап бағдарламалардың директоры Рик Расмуссен; Global Catalyst Partners халықаралық венчурлық капитал фирмасының Төрағасы және тең құрылтайшысы – Камран Элахиан; америкалық кәсіпкер және инвестор, TheFunded мен The Founder Institute бизнес-инкубатордың негізін салушысы және бас директоры Адео Ресси,   басқа да әлемдік ІТ-қоғамдастықтың танымал сарапшылары бар.

Digital Bridge  конференцияға қатысу тегін. Тіркелу – іс-шараның ресми сайтында: digitalbridge.kz.

 Егер де Сізде қосымша сұрақтар туындаса, +7 775 44 14 897 нөміріне немесе mbizhanova@zerde.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласа аласыз.

Пресс-анонс жүктеу

 Форум қатысушылары арасында Сізді көруге қуанышты боламыз!


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу