ҚАРАҒАНДЫДА ШАРУАЛАР ДАҚЫЛДАР ӨСІРУГЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДА

Қарағанды облысында ауылшаруашылығы саласында картоп өсіруге арналған цифрлық технологияның толық кезеңін енгізді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жұмыс сапарымен Нұра ауданында болып қайтты. Ол «Егінді» ауылдық округінің шаруашылық қожалықтарын, ірі дәнді-дақылдарды егуші кәсіпорындар – «Шахтерское» және «Пржевальское» ЖШС-ді аралап, жаңа жүйенің жұмыс барысымен танысты.

Нұра ауданында 2018 жылы 237 мың гектар жерде дәнді дақылдар егілген. Егіс алқабындағы картоптың үлесі 922 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 22,6%-ға артты.

Аудан диқаншылары егістіктерді минералды тыңайтуға көп көңіл бөле бастаған, олардың айтуынша тыңайтқыштар мен заманауи технологияларды қолдану өнім мен егістік жерлерінің жақсаруына оң ықпал жасады. Шаруашылық иелері белсенді түрде ылғалды сақтау технологияларын қолданып, техника паркін жаңартуда. Биыл алты заманауи комбайн мен екі жаңа трактор сатып алынған.

«Шахтерское» ЖШС республикамызда қолданылып отырған агроөнәркәсіп кешенін цифрлық жүйеге ауыстыру бағдарламасы аясындағы «дәлме дәл егіншілік» технологиясын енгізу бойынша пилотты жобаға қатысуда. Картоп өсіруде цифрлық технологиялардың толық кезеңін енгізудің нәтижесінде өнімділік бір гектардан 400 центнерге дейін жеткен.

Облыс әкімінің орынбасары аймақтық бөлімше басшыларымен, ауылдардың әкімдерімен ауыл шаруашылығының даму мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, инвестицияларды ауыл шаруашылығына тарту, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ет шаруашылығындағы индикативті көрсеткіштерді орындау бойынша тапсырма берген болатын.

Естеріңізге сaла кeтелік, Елбaсы жыл басындағы халыққа Жолдауындa экономиканы цифрлы тeхнологиялар негізінде дамытуды тапсырды. Бұл дeгеніміз заманауи негіздe нүктeлі жeр өңдeу. Алқaптардың элeктрoнды карталары, нақты метеодеректер, сенсoрлар жәнe датчиктер, ғaрыш мoниторингі және бaсқa дe шeшімдeрді пaйдaлaнa oтырып, дәлмe-дәл eгіншiлік элeменттерін енгізу aясындa aгрoқұрылымдарда нaқты технoлогияларды енгізудің экономикалық моделін әзiрлеу, oны субсидиялаудың жaңа жүйесін енгізудi жоспарлау, қанатқақты шaруашылықтарды aнықтап, фeрмерлерді ауылшаруашылық yнивeрситеттерiмен, ғылыми-зeрттeу институттaрымeн жәнe aуыл шаруашылығын цифрландырy, технологиялар әзірлеумeн айналысатын әлeмдік компeниялармeн бірлeсe oқытy. Жоғарыда аталған жаңа технологияларды қолданып, өнімнің артуы осындай тың тапсырманың нәтижелі жетістігі.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу