Қазақстан мен Эстонияның цифрлық технологиялар бойынша ынтымақтастығы жалғасын таппақ

Елордадағы Astana Hub ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркінде  «Цифрландыру: Эстонияның тәжірибесі» атты халықаралық форум өтті.

Аталмыш форумда қазіргі заманның басты тақырыбына айналған цирфрландыру мәселесі сөз етілді. Қос тарап өкілдері цифрландырудың артықшылығы мен ұтымды тұстары жайында тәжірибелерімен бөлісті. Форумға жүзден астам делегат қатысты.

Жиында «Тиімді электронды үкімет», «Шекрадан өту кезіндегі брондаудың электрондық жүйесі, Эстония мысалында», «Кибер қауіпсіздік» секілді цифрландыру саласындағы өзекті тақырыптар қозғалды.

«Электронды үкімет жобасы Эстония елінде 20 жыл бұрын басталған. Бұл еліміз үшін өте үлкен қадам болды. Еліміз нақтырақ айтқанда 2003 жылдан бастап, толықтай электронды форматқа көшті. Ал мемлекеттік қызметтер болса қазіргі таңда толықтай смартфон арқылы жүзеге асырылады», –  деді Таллин техникалық университетінің ректоры Яак Аавиксоо.

Қазіргі таңда Эстонияда цифрландыруға сәйкес, мынадай жобалар іске асып жатыр: транспорт, ақылды инфрақұрылым, Smart жолдар, 5G, ақылды жедел саты, электронды үкімет және кибер қауіпсіздік. Бүгінде аталған бағыттар бойынша Эстония елі мен Қазақстан арасында әріптестік байланыстар орнатылу үстінде. Сонымен қатар мамандарды дайындау барысында Таллин техникалық университеті қазақстандық жастарды оқуға шақыра отырып, әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін айтты.

«Таллин техникалық университетіне E-governance атты арнайы оқу бағдарламасы арқылы білім алуға шақырамын. Қазіргі таңда университет кибер қауіпсіздікті оқыту барысында әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орынана айналды. Сондай-ақ, цифрландыру барысындағы өзге де техникалық бағыттар тереңдетіліп оқытылады», – деді университет ректоры.

Жиын соңында цифрлық технологияларды құру, іске асыру және енгізу саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Форумда еліміз үшін ең қызықты жобалардың бірі әрі өзектісі кемежай айлағын цифрландыру болды.

Айта кетейік, халықаралық форум EIP «Еуразиялық инвестициялық платформа» ЖШС қолдауымен жүзеге асқан.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу