ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ ҚҰРУ – САПАЛЫ ДАМУДЫҢ ДҰРЫС БАҒДАРЫ

«ФинТех» қауымдастығының халықаралық елшісі, Digital Space Ventures люксембурлық қаржы-техникалық қорының басқарушы әріптесі Данил Гусев өз сұхбатында цифрландыру неліктен маңызды және Қазақстанда инновациялық экожүйе құру үшін қандай факторлар қажет екендігі туралы айтып берді. Қаржылық инновациялар нарығында 10 жылдан астам тәжірибесі бар, ол Startupbootcamp (Ұлыбритания), Supercharger (Гонконг), Lightning Lab (Жаңа Зеландия) сияқты әлемдегі бірқатар жетекші акселераторлардың менторы болып табылады. Сондай-ақ бірқатар халықаралық стартаптарды дамытуға көмектеседі. Осыған байланысты, Данил Гусев қандай да бір стартап-идеяны табысты іске асыруды не анықтайтыны туралы пікірімен бөлісті.

Данил, Қазақстанда жақында цифрландыру бағдарламасы қабылданғанын және бес негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын естідіңіз ғой? Сіздің пікіріңізше, осы бағдарламалық құжат өз уақытында қабылданды ма және өзекті ме, әлде біз біраз кешігіп қалдық па?

Иә, мен бағдарлама туралы естідім. Дамуға бет алу ешқашан да кеш емес деп есептеймін. Білесіз бе, бақалар сияқты анағұрлым дамыған экономикаға «секіру» қабілетіне ие елдер бар. Оларға мұндайда жаңа технологияларды тек дұрыс қолдану көмектеседі. Бүгінгі күні цифрландыру аса маңызды болып отыр. Қазіргі кезде тұтынушылар буынының басым бөлігі – интернет дәуірінде туған адамдар. Бұл бағдарлама оларға үйреншікті цифрлық орта арқылы көптеген өмірлік процестердің мәнін толыққанды көруге мүмкіндік береді. Қателеспесем, бағыттардың бірі – Қазақстанда инновациялық экожүйе құру. Бұл жаңа және сапалы дамуға дұрыс бағдар деп есептеймін.

Сіз әлемдегі бірқатар жетекші акселераторлардың менторы болып табыласыз, яғни инновациялар, оның ішінде цифрлық инновациялар саласымен тікелей байланыстасыз. Елде инновациялық экожүйені сапалы құру үшін не қажет екені туралы айтып бересіз бе? 

Егер тарихқа жүгінсек, осыған ұқсас барлық табысты және сәтсіз жобаларда қоршаған орта факторы маңызды болып табылатынын белгілеуге болады. Бұл нені білдіреді? Орта – бүгінгі күні ие болып отырғандарыңыз екенін түсінесіз. Оны тиімді пайдалана отырып, адам жаңа және пайдалы нәрсе жасай алады.

Егер Қазақстан жайында айтатын болсақ, сөз инфрақұрылым туралы болады. Бос кеңістікті тек дұрыс жоспарлау дарынды адамдарға үлкен перспективалар ашады. Осылайша, жуырда ЭКСПО-2017 өтті. Көрме мұрасын жаңа технологияларды дамытуда пайдалану – толығымен логикалық және орынды шешім.

Иә, орта алдымызға инновациялық экожүйе құру сияқты мақсаттарды қоюға мүмкіндік береді. Алайда, барлығымыз түпкілікті бейнені елестетуіміз қажет. Егер Қазақстанды жоғары технологияларды қолдану орталықтарының бірі ретінде жасау ниетіңіз болса, ортаңызды жақсартып, оның тиімділігін арттыруыңыз қажет.

Бұл мүмкін деп санайсыз ба?  

Иә, мүмкін. Және де Қазақстан үшін осы бағытта жұмыс істеудің мәні бар. Біріншіден, ел екі әлемдік алпауыт арасында орналасқан. Екіншіден, республиканың алғашқы жинақталған капиталы республиканың шикізаттық бағдарының арқасында жиналды. Мемлекет шикізат экспортына тәуелді болатын венесуэлдық аурудың тасымалдаушысына айналмай, Қытай немесе Ресейдің саяси тәуелділігінде болмауы маңызды. Сондықтан, қандай да бір үшінші жол қажет. Және сіз қазір сол жолмен келе жатырсыз. Осылайша, инновациялық экожүйені  құру және дамыту ел экономикасына әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік береді. Бірақ, барлығы дұрыс жасалса ғана. Бұл бағытта мақсатты тұжырымдау ерекше маңызды олып табылады. Біз жаңа технологиялардан не күтеміз және жағымды орта құру үшін не істей аламыз деген сұрақтарға жауап беруіңіз қажет.

Ал инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда және елдің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда технопарктер құру қаншалықты маңызды?

Олар едәуір маңызды, себебі жобаны іске асыратын адамдардың «тұрғылықты» үйі деп саналуға құқылы. Соңында дайын сапалы өнім болатын әсерлі идеялар сол жерде туындайды. Алайда, технопарктер құруда белгілі бір тәуекелдер бар. Біраз уақыт өткеннен кейін, олар аутсорсингтік бағдарламалау орталықтарына айналып, тек корпорацияларға ғана жұмыс істеуі мүмкін.

Осыны қалай болдырмауға болады?

Отандық жас кадрларды дайындаудың теңдессіздігі мен күшін көрсететін халықаралық хакатондар мен басқа да жарқын іс-шараларды өткізіп, халықаралық корпорациялармен ынтымақтастық орнату қажет. Жас таланттарыңызға осындай ортаны қамтамасыз етіп, оларға елден шықпай-ақ, өз өзін көрсетуге мүмкіндік бересіз.  Жастарыңыз басқа елдерге оқуға немесе жұмыс істеуге барғанда тәжірибемен алмасу да солай. Өз отанында осындай перспективалар мен мүмкіндіктер болғанда, олар өз елі үшін пайдалы нәрселер жасауға міндетті түрде оралады. Ең дарынды және жалынды ойшылдар көбіне ақша емес, қызықты және жігерлендіруші міндеттер іздейтінін түсінесіз ғой. Бұдан басқа, бүгінгі ұрпақ өте отансүйгіш, тек оларға біраз еркіндік пен даму үшін старт беру қажет.

Данил, Сіз Astana Hub туралы естіген боларсыз? Жуырда технопарк шеңберінде акселераттау бағдарламасы қатысушыларының бірінші шығарылымы болды.

ЭКСПО көрмелері тақырыбын тағы да бір рет қозғайын. Олардың аумақтарында әр түрлі іс-шараларды жиі өткізу, оның ішінде акселераттау бағдарламаларын дамыту – елдің инновациялық дамуы жолындағы жақсы қадам. Иә, мен технопарк туралы естідім, бірақ, өкінішке орай, оған баруға үлгермедім. Менің жалғыз тілегім – Astana Hub-тан жылдам нәтижелер күтпеу. Бұл барынша күш-жігерді және, әрине, көп уақытты талап ететін ұзақ мерзімді процесс. Жақсының барлығы уақыт талап етеді.

Біз цифрлық технологияларды дамытуда қандай елдерден үлгі алуымыз қажет деп есептейсіз?

Жақын көрші ретінде Қытайға қарастыруға болады.  Айтпақшы, цифрлық төлқұжатты қамтамасыз етіп, Қазақстан да көбінде алға кеткенін атап өту қажет. Мен Қытайдан электрондық коммерцияны және қашықтықтан басқарылатын қызметтерді дамыту үлгілеріне назар аударуға кеңес берер едім. Инфрақұрылым болмағанымен, Аспан астындағы елдің аталған бағыт бойынша әлемдік алпауытқа қалай ғана айналғанына көз жүгіртіңіз.

Қазақстанда стартап-ортаны дамытуға қатысты Сіздің көзқарасыңызды білгіміз келеді. Белгілі бір стартаптарды сәтті іске асыруға қандай факторлар жәрдемдеседі? Мысалы, сіз кәсіби маман ретінде, идеяның ілгерілейтінін қалай анықтайсыз?

Барлығында түйсік пен сәттіліктің үлесі бар. Егер Сіздің Қор туралы айтсақ, біз, қазір миллиард долларға бағаланатын компанияларда бірқатар табысты инвестицияларды іске асырдық. Біз үш нәрсеге назар аударамыз. Біріншісі – коммерциялық тұрақтылық. Жасалатын өнім қаншалықты тұрақты дамиды. Екіншісі – тартымдылық. Адамдарға ол қаншалықты ұғынықты және қызықты. Ол не екенін түсіндіруге көп күш-жігер жұмсау қажет пе? Өнім ең алдымен әлеуметтік болуы керек екенін түсініңіз, болмаса оның іске асатыны туралы айту қиын болады. Үшіншісі – техникалық іске асырушылық. Мұнда біз өнімнің тек техникалық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар, команданың мүмкіндіктеріне де назар аударамыз. Олар стресстік жағдайларда қаншалықты құзыретті және үйлесімді жұмыс жасай алады. Осындай талаптар міндетті түрде болады. Осы үш фактор, менің ойымша, белгілі бір стартаптың табыстылығын анықтайды.

Соңында, елімізге және біздің стартаперлерге деген тілегіңізді естігіміз келеді.

Жас командаларға сенімді болатын жобаларды іске асыруды жалғастыруды тілеймін. Осы жобаларды қолдағысы келетін адамдарға сенім тілемекпін. Иә, олар аз уақыт ішінде іске асырылмайды, бірақ бұл міндетті түрде болады. Үздік халықаралық ойшылдарды тартыңыз және ең батыл жобаларды іске асырыңыз! Және де ешбір жағдайда, алда тұрған жолдан таймаңыз!

Данил, Сізге мағыналы әңгіме үшін алғыс білдіремін! Жақсылықпен кездесейік!

Камилла Рашид


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу