Қазақстандық таланттардың туындысы әлемнің инновациялық жобаларының арасында топ жарды

Еліміздегі жас ғалымдардың еңбегін БҰҰ әлемнің инновациялық шешімдеріне енгізіп, көктемде өтетін «Assistive Technology In Accelerating Learning and Participation of Children with Disabilities» атты жаһандық көрмеге шақырды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың қаңтарында ReLive компаниясы инновациялық көрмеге ұсыныс жіберген. Артынша дүние жүзінің 90-ға жуық жобаларының арасында ТОП-20-ға енді. Ендігі кезекте олар халықаралық көрмеге қатыспақ. Онда адамзатқа пайдасы тиер соңғы инновациялық идеялар мен технологиялар көрсетіледі. Аталмыш көрме 7-8 наурызда Женевада өтеді. Жер шарынан 160 мемлекеттің өкілдері тың туындыларды тамашалауға келмек. Осылайша, отандық ғалымдардың шығармалары талайларға көрсетіледі.

ReLive компаниясы бірнеше жылдан бері инсульттан зардап шеккендерге арналған құрылғыларды құрастырумен айналысып жүр. Компания құрамы зерттеушілер мен Назарбаев университетінің түлектерінен тұрады. Жетекшісі Бейбіт Әбдікенов.

Жас зерттеушілер жасап жатқан бірінші жоба 3 аппараттан тұрады. Біріншісі ми сигналын анықтайтын қондырғы. Ол өз кезегін бас құрылымын, ми сигналын бақылай алады. Ал, адамның басты организмі саналатын ми сигналы оқылса, сөзсіз өзге мүшемізді де емдеу жеңілдейтін болады. Екіншісі қолға арналған құрылғы. Оның мақсаты инсульттан кейін сал ауруына ұшыраған жанның қолын қалыпқа келтіру. Үшіншісі болса қолы жоқ адамға арналған қол кейпіндегі аппарат. Аталған құрылғы қолдың орнына қызмет ететін болады. Яғни, ол ондағы жүйке жасушалары мен сигналдарды анықтауға жәрдемдеседі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 50 мыңға жуық адам инсультқа ұшырайды. Ал, оның 80 пайызы сал болып қалады. Ең қиыны, бұрын егде жастағы адамдар ауыратын бұл індет түрімен бүгінде жас жеткіншектер де ауыра бастаған. Жоғарыда аталған туынды толықтай қолданысқа енетін болса инсульттан зардап шегіп, сал болып қалғандарға пайдасын тигізеді деген үміттеміз.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу