ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ЖҮЛДЕСІН КІМДЕР ИЕЛЕНДІ?

Жүлде “Үздік цифрлық бастама”, “Цифрландырудың үздік кеңсесі” және “Үздік IT-компания” номинациялары бойынша берілді.

Астанада Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы аясында Қазақстанның цифрландыру саласындағы тұңғыш жүлдесі Digital Bridge Awards тапсырылды.

Үш номинация бойынша жеңімпаздарды ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған төрешілер алқасы іріктеді.

“Үздік цифрлық бастама” аталымы бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жеңімпаз атанды. Оған жүлдені РФ Цифрлық даму, байланыстар және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков табыс етті.

“Цифрландырудың үздік кеңсесі” номинациясында “Оңай” кеңсесі жеңімпаз деп танылды. Мамандар ел экономикасының әр секторы бойынша цифрландырудың барлық жобасына талдау жасап, баға берген.

“Үздік IT-компания” номинациясы бойынша жүлде Documentolog компаниясына бұйырды. Марапатты ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, “Үздік IT-компания” номинациясына ұсынылған компанияларды сарапшылар комиссиясы Astana Hub технопаркінің бірінші жеделдету бағдарламасының қарлығашы – Kompra сервисінің көмегімен тексерген.

Бүгінде Қазақстанда түрлі салада көптеген жүлде бар, бірақ қазіргі күні өте өзекті болып тұрса да, ақпараттық технологиялар саласында жүлде жоқ. Біз елдің үздік жаңашылдарын анықтай отырып, оларды жастарға үлгі еткіміз келеді. Digital Bridge Awards марапаты IT-нарық пен үкіметтік ұйымдарды Қазақстанды цифрландырудағы үлкен жетістіктерге жетуге ынталандыруға септігін тигізеді
- дейді кәсіпкерлерге арналған “Негізін қалаушының үстел кітабы” оқулығы авторларының бірі Боб Дорф.

Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу