Адами
капиталды дамыту

Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық
сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар
арқылы мүмкін болады.

2022 жылға қарай не өзгереді

  • Интернет желісін қолданушылар үлесі 82%-ға дейін артады
  • Халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі 83%-ға дейін артады
  • Орта, жоғары және қосымша білім беру жүйесі цифрлық экономика талаптарына жауап беретін болады
dolya-polzovatelei

Білім беруді цифрландыру

Цифрлық қоғам құру үшін білім беру жүйесін
озат әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту қажет
болады.


Кретивтік және сыни ойлауға, сондай-ақ оқу
процесінде заманауи білім беру технологияларын
қолдануға ден қойылатын болады.

Орта білім

  • Мектептердің бастауыш сыныптарында бағдарламалау негіздерін енгізу.
  • Java, С, Python, Rust және т.б. бағдарламалау тілдерін өзектендіру арқылы «Информатика» пәнінің мазмұнын жаңарту.
  • Кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін енгізу (соның ішінде, техникалық кәсіпкерлік).
  • Техникалық бағыттар бойынша хакатон, олимпиада және конкурстар өткізу.
  • Оқу процесін цифрландыру.

Жоғары білім

  • ЖОО-ға жаңа мамандықтар енгізу (деректер туралы ғылым, жасанды интеллект, бұлттық есептеулер және т.б.).
  • АКТ-мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын арттыру.
  • Барлық мамандықтар бойынша 80% ЖОО үшін АКТ пәнін енгізу.
  • Ашық білім беру ұлттық платформасын құру арқылы қашықтан білім алуды дамыту.
  • Өндіріс базасындағы ЖОО-ларда АКТ-кафедралар ашу.

Үздіксіз білім беру

Төмендегілерді базалық және кәсіби цифрлық дағдылар бойынша оқыту:

  • 100 мың кәсіби кадр
  • КОБ өкілдері
  • халық

АКТ-дағдыларын талап ету есебімен саланың кәсіптік стандарттарын әзірлеу.

Техникалық дағдылардан бөлек цифрлық
экономикада мына әмбебап қабілеттер жоғары бағаланатын болады

null
Сыни ойлау
null
Адамдармен өзара іс-қимыл жасау
null
Өзгерістерге жылдам бейімделу
null
Креативтік
null
Өздік ұйымдастыру
null
Деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу

Білім беру және адами капиталды дамыту
жүйесін өзгерту үшін қандай шаралар қабылданатын болады

2018

  • Өнеркәсіпті автоматтандыру және цифрландыру институтын құру.
  • Цифрлық академия құру.

2019

Ашық білім берудің ұлттық платформасын құру.

2022

  • Бастауыш сыныптарда бағдарламалау сабақтарын енгізу.
  • Мектептерде «Информатика» пәнін жаңарту.
  • АКТ-ны ЖОО-дағы гуманитарлық мамандықтарға интеграциялау.