Цифрлық
Жібек жолын іске асыру

Цифрлық Жібек жолы интернетке жылдам
әрі қауіпсіз қолжетімділікті және елдің тұтас
аумағын мобильдік байланыспен сапалы қамтуды
қамтамасыз етеді.

2022 жылға қарай не өзгереді

  • Қазақстан халқын 4G-мобильдік байланысымен сапалы, үздіксіз қамту
  • Жеке адамдар мен компаниялардың ғаламдық деректер жіберу желілеріне барлық жерден және жоғарғы жылдамдықтағы қолжетімділігі
  • АКТ дамыту деңгейі озат елдердің отыздығы деңгейіне жетеді
  • Киберқауіпсіздікті күшейту үшін Big Data, зиянды код және киберинциденттерді талдауға арналған инновациялық институттар құрылатын болады

АКТ-инфрақұрылымы

Деректерді жіберудің қолжетімділігі, тұрақтылығы
және қауіпсіздігі – бұл экономиканың барлық салаларын
дамытудың, сондай-ақ халық тұрмысының жоғары сапасының
технологиялық негізі.


Осының барлығы келесі цифрлық және инфрақұрылымдық
шешімдер есебінен іске асырылатын болады.

КЖҚ

Интернетке жоғары жылдамдықтағы қолжетімділік талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы ғана берілетін болады.

4G-байланыс (5G)

Деректерді 100 Мбит/с жоғары жылдамдықта жіберуді іске асыруды мүмкін ететін мобильді байланыстың ең заманауи буыны. 5G стандартын енгізу 2020 жылға қарай іске асырылады деп күтілуде.

«KazSat-2R»

Қазақстандық байланыс спутнигі 2023 жылдан кейін мобильдік, спутниктік және телерадио хабарларын таратуды қолдауды іске асыратын болады.

Халық интернетке кең жолақты қолжетімділікпен, сапалы мобильді байланыспен,
сондай-ақ цифрлық телерадио хабарларын таратумен қалай қамтамасыз етіледі

2018

Интернетке КЖҚ-мен 55 ауылдық елді-мекендердің 100 мыңнан астам тұрғынын қамту.

2019

Интернетке КЖҚ-мен 887 ауылдық елді-мекеннің 1,2 миллионнан астам тұрғынын қамту.

2020

Интернетке КЖҚ-мен 741 ауылдық елді-мекеннің 800 мыңнан астам тұрғынын қамту.

2023

KazSat-2R ғарыштық байланыс жүйесін пайдалануға енгізу.

Киберқауіпсіздік

Киберқауіпсіздікті техникалық құралдармен қатар,
азаматтар мен компаниялардың желілердегі қауіпсіз
әрекеттері мәдениетін құру есебінен күшейту.


Бұл келесі цифрлық шешімдерді іске асыру арқылы
мүмкін болады.

Big Data талдау

Бұл деректердің аса ірі массивтері түрінде ұсынылған маңызды ақпаратты талдау және өңдеу.

Зиянды кодты талдау

Бұл компьютерлік бағдарламаларды, көбінесе пайдаланушыларға немесе оларды бағдарламалық қамтамасыз етуге зиян келтіретін вирустарды талдау.

Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары

Бұл ақпараттық жүйені қауіпсіз пайдаланудың міндетті талаптары немесе ұсынылатын стандарттары.

Елдегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар
қабылданатын болады

2019

  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұлттық стандарттарды әзірлеу және қабылдау.
  • Ақпараттық қауіпсіздік құралдарын тексеру зертханаларын жабдықтау.

2020

  • Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйестіру орталығын құру.
  • Зиянды кодты зерттеу бойынша зертханаларды жабдықтау.
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сынақтар жүргізу зертханаларын жабдықтау.

2021

Үлкен деректерді талдауға арналған технологиялық орталық ашу.