САЯХАТШЫНЫҢ ЕРТЕҢІ

Жаңа цифрлық қызметтің түрі Қазақстан астанасына келген туристтердің шығындарын барынша азайтады. Астананың басты көрікті жерлеріне барғанда арнайы smart-картаның иесі ұзақ уақыт кезекте тұрмайды. Жуық арада жоба Алматы қаласында және «Бурабай» шипажай аймағында жүзеге асады.

«CityPASS туралы Бәйтерек монументіне кезекте тұрғанда қонақтардың өзара әңгімелелерінен картаны пайдалану арқылы қанша ақшаны үнемдегені туралы естіп білдік. Бізге қызық болып, сұрастыра бастадық. Еңбасты картаның сату нүктелерінің бірі «Бәйтерекке» жақын жерде орналасқаны қуантты.

«Басында картада қоғамдық көліктің жоқ екені, бірақ қосқабатты автобуспен қала бойынша саяхаттың бар екені алаңдатты. Біз барған барлық нысандар қызыл автобустың бағытында болды. Мектеп оқушыларына картаны арнайы жеңілдікпен алдық! Көп рақмет, өте ыңғайлы». Осындай пікірлерді компанияның сайтында туристтік smart-картаны иеленушілерінің  көпшілігі жолдаған.

«CityPASS» – жобасының жетекшісі Галямов Рустамның айтуынша, Нью-Йорк, Париж, Лондон, Милан және басқада әлемнің барылық ірі қалаларында халықаралық форматтағы туристік картаны қолдануда. Біз осы қалалардың тәжірибелерін зерделеп, оны Астанаға енгізуді жүзеге асырдық.

Осы картаны пайдалану арқылы шығынның 30% үнемдеуге болады.

Балар  картасының құны – 5990 теңге, ал ересек адамдарға – 6990 теңгені құрайды. Картаны иелену арқылы Сіз ұсынылған он нысаннан кезкелген бесеуіне бара аласыз.

Саяхатшыға «Бәйтерек» монументіне, Бейбітшілік және келісім сарайына (Пирамида), Қазақстан Тұңғыш Президентінің мұражайына, Ұлттық мұражайға, Назарбаев орталығына, EXPO көрмесінің аумағына, Салтанат қақпасына, «Ailand» аквопаркіне, Океанариумге, сонымен қатар, қала үстінен Шолу дөңгелегіне барып қайту таңдауы ұсынылады.

Картамен аталған көрікті жерлерді кезекке тұрмай кіруге және аралауға болады.

Сізге Smart-карта бағасына кіретін Қазақстан астанасында серуендеуді және барлық көрікті жерлермен танысуға үш тілдегі (қазақша, орысша, ағылшынша) жолсерігі көмектеседі. Сонымен қатар, Сізге мобильді телефонға арналған SIM карта беріледі. Ал дәмді асты қалайтындарға «CityPASS» smart-картасынан Астананың ең жоғары дәрежедегі мейрамханаларына 15% жеңілдік алады.

Жақын арада цифрлық туризм жобасын әйгілі «Бурабай» шипажайы мен еліміздің ірі қалаларында жүзеге асыру көзделуде. Осы жылы біз «CityPASS» жобасын Алматыда іске қостық. Ол жерде көрікті нысандар жетерлік, карта бағасы Астанадағыдай болады. Сондай-ақ жобаны жазға жақын Бурабайда шипажайының аймағында іске қосу жоспарлаудамыз», – деді Галямов Рустам.

«CityPASS» жобасы «Зерде» холдингі» АҚ-мен серіктестігі аясында жүзеге асырылды.

Жақын арада цифрлық туристік жобасы еліміздің ең ірі қалаларында және әйгілі «Бурабай» шипажайында жүзеге асырылады.

«Зерде» холдингі» бізге қажетті көмек көрсетті. Өткен жылы біз қызметімізді бастап, EXPO-2017 көрмесінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Туристердің көптеп келуі бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. Көрме кезеңінде біз 30 мыңнан астам карталарды саудаладық», – дейді жоба жетекшісі.

Данияр Бейсембаев


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу