Инновациялық экожүйені құру

Осындай экожүйе бизнес, ғылыми сала
және мемлекет арасындағы тұрақты байланысы бар
инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытады.

2022 жылға қарай не өзгереді

  • Халықаралық аренада қазақстандық технологиялық компаниялар мен олардың іс жүзіндегі «табысқа жету оқиғалары» санының артуы
  • Astana Hub халықаралық IT-стартаптар паркіне айналады
  • Венчурлық капиталдың жеке кәсіби саласының дамыған нарығы
IT-company

Стартап-мәдениет

Технологиялық кәсіпкерлер – инновациялық идеялардың
негізгі көздері болып табылатын дарындар, сондай-ақ жобаларды
«ақылды» қаржыландыруды іске асыратын кәсіби инвесторлар
стартап-ортаның басты элементтеріне айналады.


Осының барлығы келесі цифрлық және инфрақұрылымдық
шешімдер есебінен іске асырылатын болады.

Инновациялық дамытуға арналған алаң

  • Astana Hub халықаралық IT-стартаптарды қорғау алаңына айналады.
  • Қазақстан технопарктері мен инкубаторлары кем дегенде 1000 стартап-компанияларды қолдайды.

Техкәсіпкерлік және стартап-мәдениет

Қолайлы жағдайлар құру есебінен халықаралық кәсіпкерлерді тарту:

  • стартап-виза
  • тұру жағдайлары
  • көшуді төлеу
  • қаржыландыру
  • халықаралық IT-компаниялардың R&D орталықтарын ашу

Венчурлық қаржыландыру

  • 2019 жылға дейін стартап-компанияларды қаржыландыруға арналған заңнамалық базаны бейімдеу.
  • Қазақстанның венчурлық жобаларына 200 млн. доллар жеке инвестициялар тарту.

Инновацияларды қолдау

  • Ірі компаниялар мен меморгандардың инновациялық қызметін қолдау.
  • 2022 жылға қарай Astana Hub-та іске асыру үшін ірі компаниялар бастамалаған 298 инновациялық жобаны іріктеу.

Инновациялық экожүйені дамыту үшін қандай шаралар қабылданатын болады

2018

  • ІТ-саланы дамыту бойынша жол картасын әзірлеу және қабылдау.
  • Astana Hub халықаралық ІТ-стандарттар технопаркін құру.
  • Astana Hub.шеңберінде бірлесіп инвестициялау қорын құру.
  • ІТ-шешімдерді патенттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру.
  • Венчурлік қаржыландыру туралы заңнамалық актілерді бекіту.

2019

  • Astana Hub.негізінде «Индустрия 4.0» бағдарламасын құру.
  • Құрылыс саласын цифрландыру үшін BIM+ зертханасын құру.

2021

  • «Өндіру 4.0» өндіруші секторда инновациялық  өзара іс-қимыл жасау.
  • e-Residence жобасын құру және енгізу.