ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНДЕ ОТЫНДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҰШУ УАҚЫТЫН ҚЫСҚАРТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Оливер Уайманның мақаласы. Түпнұсқасы мына сілтеме бойынша: https://www.forbes.com/sites/oliverwyman/2018/07/20/new-technology-may-help-airlines-cut-pricey-fuel-consumption-and-meet-environmental-regulations/#26f0f7d1f076

Қазіргі заманғы зымыран қозғалтқыш отын бағасы соңғы бір жылда 50 пайызға көтерілді. Өңделмеген мұнай бағасының әлемдік нарықтағы бағасы 2014 жылдан бері тұрақтамай, бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткішке жетті. Осының салдарынан әуе компаниялары шығынның қаншалықты болатынын ескеріп, мәселенің шешімін табуға талпынуда.

Қазіргі цифрландыру заманында деректерді қолдану арқылы арнайы алгоритмдер біраз мәселенің түйінін шешіп келеді. Дегенмен, көптеген тасымалдаушылар ұшу өнімділігін оңтайландыруға және отын шығынын азайтуға мүмкіндік беретін озық технологияларды толығымен қолданып үлгермеді. Отынның жалпы өнеркәсіптік шығыны 25-30 пайыз. Ал қазіргі жаңашылдықтар әуе компанияларына жанармайды үнемдеу арқылы бірнеше миллиард доллар шығынның алдын алуына мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мұнай бағасы қазіргіден арзандаған күннің өзінде, жаңа технологияны қолданудың арқасында тасымалдаушы компаниялар кем дегенде 2 миллион доллар сома үнемдей алады.

Сондай оңтайлы шешімдердің бірі, тұрақты ұшу жоспарын динамикалық үлгіге айналдыру. Ол үшін әуеде ұшып бара жатқан сәттегі деректі сол мезетте жердегі сараптамалық жүйеге жіберіп отыру керек. 4G, 5G интернет күші мен спутник серіктерінің көмегімен ақпарат тасымалданады. Сосын, онлайн ақпарат негізінде отынды үнемдеу мен ұшу шарттарына сәйкес өзгертулер енгізіліп отырады. Жүйедегі әуе кемесінің тұрақты ұзындығы мен ені, жылдамдығы және жүретін жолы секілді деректер, дәл сол сәттегі ауа-райындағы өзгерістер мен әуе жолындағы кептеліске қатысты жаңа ақпарға сәйкес есептеледі. Жаңадан толыққан деректер кеменің басқару жүйесіне қайтарылады. Өзгертілген жаңа мағлұматты қолдана отырып, ұшқыш жаңа сызылған траектория бойынша қозғалыс бағытын жалғастырады.

Жаңа технологиялар ауа-райы, қозғалыс пен кептелістің жиілігі және әр ұшақтың өз ерекшелігіне  қатысты үш өлшемді (3-D) дерекке негізделе қолданылады. Желдің күші, ауа қысымы мен температураның ылғалдылығынан басқа, әуе кеңістігіндегі өзге де көліктердің қозғалысы зымыранның өнімділігіне әсер етеді. Ал онлайн режимде жаңарып отырған ақпаратқа сүйеніп жасалатын есептер әуе кемесінің жерге қонар алдында кезекте тұрғанда артық отын қолданбауын қамтамасыз етеді.

Алайда есептелетін алгоритм кезінде жеке мәліметтердің маңызды рөл ойнатынын естен шығармау керек. Сондай тақырыптардың бірі – ұшақтың төзімділігі мен қаншалықты тозғандығы. 3-D жерге қону кезінде ұшақтың кестедегі уақыттан кешігуі мен соның салдарынан жолаушыларға төлеуге міндетті төлемақы сияқты шығындардан құтылуға көмектеседі.

Өнеркәсіп мамандары ұшақтың дәл сол сәттегі деректермен онлайн бөлісіп, туындаған мәселелерді есептегіш машинаның көмегімен шешудің маңызды екенін алға тартты. Мысалы, Airbus былтыр Skywise деген платформаны қолдана бастады. Оның негізгі мақсаты – онлайн деректерді қолдана отырып, ұшудың динамикалық жоспарын оңтайландыру.

Нақты режимдегі ақпаратты қолдану арқылы мәселелерді шешу арқылы бірнеше компания өзара біріге бастады. Мысалы, NAVBLUE, Airbus сияқты әуе операциялары мен кептелісін басқарушы мекемесі OpenAirlines деген отынды үнемдеу мен экожүйені енгізуші компаниямен бірікті. Сонымен қатар, Францияның Safran ғарыш айлағы фирмасы Safety Line деген үлкен деректерді (big data) сараптаушы стартапқа инвестиция құйды.

Тұрақтылық  пен қауіпсіздік жолы

Бұған қоса, динамикалық ұшуды жоспарлау күтпеген кешігулер мен құрылымдық зақымдануды, материалдық шаршау,  ауыр турбуленттілік пен ауа-райының салдарынан болатын апаттарды азайтуы мүмкін. Осыған байланысты жолаушылардың түрлі деңгейде жарақаттануының алдын алады. Алдағы ықтимал турбуленттілік туралы білгендіктен, ұшқыштар мен экипаж мүшелері жағдайды бақылауда ұстап, жолаушылардың уайымдамауын қамтамасыз етеді. Құрылғының икемділігі арқасында әуе компаниясы кез-келген тығырықты жағдайдан еш қиындықсыз шығады. Бірыңғай Еуропалық Комиссия Sky ATM Research (SESAR) арқылы және АҚШ Федералдық Авиация Әкімшілігі (FAA) NextGen арқылы авиациялық қауіпсіздікті, тиімділікті және тұрақтылықты арттыруға бағытталған келесі ұрпақ технологиясын енгізу туралы ауқымды зерттеу бағдарламаларын жасады. Бұл бастамалар әуе қозғалысын басқаруға бейімделген. Бірақ қосарлы әуе кемелерін дамыту және ұшу жолдарын оңтайландыру сияқты шешімдер бағдарламалардың негізгі мақсатына жету жолындағы элементтер болмақ.

Сонымен, үнемделген отынның әр тамшысы әуе компаниясының қаржысына ғана емес, сонымен қатар, салаға және халыққа экологиялық тұрғыдан пайдасын тигізеді. Атап айтқанда, мамандардың парникті газ шығынын азайту мақсатына жетуге көмектеседі. Халықаралық әуе жолдары (CORSIA) үшін алдағы көміртекті жабу және азайту схемасы бойынша, авиакомпаниялар ауа сапасының артуынан көміртек диоксидінің (CO2) шығыны өседі. Бұл үшін динамикалық ұшуды жоспарлауды оңтайландыру арқылы отынды пайдалану тиімдірек болады. Мұндай реттеудегі келесі қадам CO2 шығындарына арналған қақпақтар болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу