КӨЛІКТІ ЦИФРЛАНДЫРУ: АҚЫЛМЕН ЖАСАЛАҒАН

Соңғы жылдары Қазақстандағы қалалық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлуде. Ірі қалалар ортаны көркейту үшін қажетті қаржыландырды алып жатыр. Алайда, тұрғындар саны үнемі өсетін қалаларда трафик немесе әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы ерекше қатты сезіледі. Сол себептен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, республика аймақтарында, анағұрлым жайлы өмір сүруге қажетті «Smart city» жобасы іске асырылуда.

«Smart city» жобасы (ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды қала) қалаллық инфрақұрылымды жетілдіру есебінен азаматтар үшін қосымша жағдай жасауды жобалайды.

Жаңа технологияларды қолдану – «ақылды қала» жобасының басты қағидаларының бірі. Жаңа технологиялар ірі елді мекендердің ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет. Тәжірибе көрсеткендей, қалалықтар орта есеппен автобус қызметтерін күніне 2-3 рет пайдаланады.

Солай бола тұра, Қазақстанның көптеген қалаларында қоғамдық көлік қозғалысын реттеу жүйесі қажетті жайлылыққа жеткізілмеген. Бұл әрине жолдардағы қоғамдық көліктің басымдылығын төмендетеді және жолаушыларға қолайсыздық туғызады (автобусты ұзақ тосуға қатысты). Дегенмен, қазір еліміздің көп қалаларында диспетчерлеу және мониторингтеу жүйесін енгізу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалауға болады.

Мысалы, Петропавловсде 300 автобус GPS-трекерлармен жабдықталған және Infobus қоғамдық көлігінің онлайн- мониторинг жүйесіне енгізілген. GPS-трекер диспетчерға көліктің қай жерде екендігі жқнінде ақпарат жеткізіп отырады. Өз кезегінде, жолаушы қосымшаны жүктей алады және нақты уақыт режимінде өзіне қажет автобустың қай жерде екенін көре алады. Күн сайын 2 мың қалалық өздерінің баратын жерлерін оңтайлы жоспарлап, уақыттарын үнемдей алады. Петропавловскіде Infobus-ты жүктегендерідің жалпы саны -15 000. Пайдаланушылар, жергілікті қатаң климатты ескеріп, суық жыл мезгілдерінде қосымшаның пайдалы екенін атап өтеді. Бұдан әрі Петропавловскіде электрондық диспетчерлеу жүйесін енгізу, барлық автобус аялдамаларын қоғамдық көліктің шығатын жері және келетін уақыты, жолға жұмсайтын болжамды уақыты көрсетілген және көптеген басқа да пайдалы ауыспалы ақпаратты табломен жабдықтау жоспарлануда.

СКО ЦИФРЛАНДЫРУ: SMART РЕЖИМІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Қала

300 автобус

24 бағдар

Жүктегендер -15 000 тұрғын

қала маңы

22 автобус

8 бағдар

күн сайын 2 000 пайдаланушы

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында автопаркті қадағалау датчиктерімен жабдықтау 92%-ды құрайды. Статисикаға сәйкес, Оралда қосымшаны 23 247 пайдаланушы жүктеген, бұл қаланың барлық тұрғындарының 8% -дан астамын құрайды. Сондай-ақ жергілікті әкімшілік жол ақысын мобильді телефон арқылы төлеуге арналған SMS BUS пилоттық жүйесін енгізді.

Infobus қосымшасы Қазақстанның көптеген қалаларында іске қосылған: Талдықорган, Семей, Көкшетау, Қараганды, Орал, Өскемен, Қостанай, Атырау, Актау, Щучинск, Петропавловск, Теміртау, сондай-ақ Астана.
Әзірлеушілер республиканың басқа да ірі елді мекендерін қамтамасыз етуді жоспарлауда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша 800 мың адам жүктеген. Жүктеген пайдаланушылар саны жағына Астана қаласы көш бастап келеді, бұл ретте астана үшін жеке Astra Bus қосымшасы әзірленген.

Нақты уақыт режімінде қалалық автобустардың жүрген жерін қадағалауға арналған Astra Bus мобильді қосымшасы 2016 жылы қаңтарда іске қосылды.

Қазіргі кезде қосымшаны жүктеушілер саны 700 мыңнан асты. Қосымшаны ай сайын белсенді пайдаланушылар – 280 мың. Қосымша бағдарларды жүргізуге мүмкіндік береді және үш тілде қолжетімді. Сонымен қоса, астаналық қоғамдық көліктер үшін жол жүру ақысын төлеуге арналған Astra Plat жүйесі әзірленген. Аудару арқылы төлем жасауда қосымша жол жүру және бір сағат бойы тегін жүру түріндегі бонустар беріледі.

Астана Қазақстандағы автобустарды қадағалауға арналған жалғыз ғана қала емес. Алматы қаласында CityBus сервисін қолданған қолайлы, қазіргі кезде ол барлық бағдарлар мен автобустарды анағұрлым толық қамтиды. Төлем жүйелеріне қатысты, 2015 жылдан бастап СМС бойынша төлем жасауға болатын «Оңай» көліктік картасы сондай-ақ, мәдени нысандарға кіруге (хайуанаттар паркі, Медеу мұз айдыны) төлем жүйелері енгізілген. Жақын арада қоғамдық көліктің қозғалысы туралы ақпараттарды, аялдамаларда орнатылатын таблоларға шығару жоспарлануда.

Ақтөбеде автобустарды қолданушылар үшін өздерінің AktobeBus деп аталатын сервистері бар. Қалада көлікті диспетчерлеуге арналған талдамалы жүйе қызметі ұйымдастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысында автобустарды мониторингтеу бойынша қосымша әзірше іске қосылмаған, алайда, қоғамдық көліктің 95% GPS жүйесімен жабдықталған. «Smart city» жобасын іске асыру аясында, ағымдағы жылы республиканың көптеген қалаларында қалалық жолдарды жалпылай жаңғырту бойынша жоба жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде диспетчлау жүйесі енгізіледі, автобус аялдамалары жаңартылады, бағдаршаммен басқару жүйесі қолданылатын болады. Цифрландыруға тек үлкен қалалар ғана емес, әрбір облыс атсалысуға шақырылған.

Айжан Жакеева


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу