Турат Булембаев: Qoovee.com сатушылар мен сатып алушылар кездесетін алаң

Бірнеше ғасыр бұрын Ұлы Жібек жолы арқылы сауда жасаған ата-бабамыз қазіргі сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы мыңдаған арақашықтықты интернет байланыстыратынын ойына да алмаған шығар?! Мұндай маркетплейсті Amazon, Alibabа секілді нарық алыптары әлдеқашан игерді, ал үш жыл бұрын оларға Qoovee.com жаңа алаңы қосылды. Қырғызстандық Турат Булембаев көтерме сауда мен сатып алуға ниет білдірушілер байланыса алатын сайт құрды. Бүгін таңда Qoovee әлемнің 50 елін, соның ішінде Қазақстанды қамтиды және негізін қалаушының айтуынша бастапқы капитал өте аз болған (1000$ дейін). Турат бізбен сұхбатында стартаптың негізі және бар бизнесті жүргізу үшін ақшаның маңыздылығы, неге үлкен мақсаттар қою және оларға сеніммен қарау маңызды екенін айтып берді.

Алғашында, сіз Qoovee.com-ды құрған кезде, оған күмәніңіз болды ма?

Мен бұл идея туралы 2012 жылы ойландым. Ол кезде біздің Орталық Азия аймағы айтарлықтай дамымаған, бізге интернет-технологияға дейін әлі алыс деген жалпы пікірге байланысты менде аздаған сенімсіздік болды. Бұл мені қандай да бір іс-әрекеттерден шеттетті. Бірақ 2016 жылы мен қайтадан өз ойыма оралдым. Мен нарыққа тауар сатып алу үшін бірнеше киллиометрдегі әр түрлі елдерден адамдар келетінін көрдім. Сол кезде сатушылар мен сатып алушылар үшін сандық алаң құру керектігін түсіндім, бірақ бөлшек емес, көтерме сауда, дәл осы бизнес үшін. Менің ағам базалық өнімді әзірлеуге кірісті және оған екі ай қажет екенін айтты. Осы уақыт ішінде мен нарықты зерттеу керек едім. Осылайша, барлығы басталды, 10 адамнан тұратын команда жинадым, біз контейнерлерге кіріп, иелерімен тікелей қарым-қатынас жасадық. Әрине, көптеген адамдар әңгіменің не туралы, бұл платформа нені ұсынатыны жайлы мүлдем түсінбеді. Біз бәрін түсіндіріп, сұрадық: “олар оны пайдаланар ма еді, оларға ыңғайлы бола ма, олар не көргісі келеді”? Көптеген стартаперлер тек күшті идеямен ғана әлемді жаулап алуға болады деп ойлайды. Менің ойымша, бұл қате пікір. Ең жақсы әдіс – барып, адамдарға керек пе, жоқ па екенін сұрау. Мен жүздеген кәсіпкерлерді басты сұрақ қоя отырып аралап шықтым: егер мұндай платформа пайда болса, сіз оны пайдалана аласыз ба? “Иә” деген жауап көп алған кезде, дұрыс жолда екенімді түсіндім.

Шын мәнінде, сіз алаңды өз тұтынушыларыңызбен бірге құрдыңыз ба?

Дәл солай. Біз олардың көптеген идеяларын жүзеге асырдық. Мысалы, кейбір киім өндірушілер біздің сандық алаңда сататын болса, бәсекелестері олардың үлгілерін көшіріп алады деп қорықты. Сонымен, біз нарықтағы басқа жеткізушілерге қол жетімділікті жаптық. Клиенттер сайтқа қандай функциялар қажет екенін өздері айтады. Әрине, жеке түйсік де маңызды, бірақ негізінен нарық қатысушыларының пікірлері мен тілектерін тыңдаймын. Жалпы, алдымен өндіріспен, содан кейін сатумен айналысуды үлкен қателік деп санаймын. Ал стартап-командалардың көпшілігі осылай жасайды. Бір немесе екі жыл әзірлеуге кетеді, осы уақыт ішінде нарық, адамдардың қажеттіліктері өзгереді, жаңа бәсекелестер де пайда болады. Нәтижесінде инвесторлардың ақшасы таусылады, ал өнім тіпті нарыққа шықпады. Сондықтан алдымен сатуға тырысыңыз. Сатуға ештеңе жоқ па? Қарапайым үлгі жасауға болады, соңында қағаз бетіне сызыңыз. Есесіне сіз фидбек аласыз, толық сурет түсіріледі және өнімді жақсарту бойынша қосымша идеялар пайда болады. Мен мұндай әдіс жаңа өнім шығаратын нарық алпауыттарына да қолайлы деп айтар едім. Қанша сәтсіз мысалдар келтіруге болады! Мысалы: Аpple, Samsung, Google-дің қазір ешкім пайдаланбайтын өнімдердері бар.

Турат, барлық стартаперлер бастапқы капиталға қарайды. Көптеген адамдар белгілі бір ақшаның болмауынан бастай алмайды. Бұл туралы не ойлайсыз және Сіз өніміңізге қанша қаражат салдыңыз?

Мен бір оқиғаны айтып берейін. Біз Qoovee.com платформасының тұсаукесерін экспорт жөніндегі конференциямен біріктірдік. Сол кезде мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар пассивті болды және біз 600 адамды жинай алдық. Залды жаңа қонақ үйде ұйымдастырдық, бейнеоператорларды шақырдық және бір тиын жұмсамадық, барлығы келісім бойынша болды. Мен осы үлкен аудиторияның алдында сөз сөйледім, сол күні біз алғашқы сатылымдар жасадық. Сен жаңа өнімді іске қосасың және адамдар оған төлеуге дайын, бұл таңқаларлық. Иә, көптеген стартаперлер бастапқы ақшасыз ешнәрсе істей алмайсың деп ойлайды. Бірақ бәрі жеңіске жететіндей, барлық тараптар үшін пайда табу өте маңызды. Бастапқыда біз “win-win” принципі бойынша философияны құрдық. Және тұсаукесер оның орындалуы болды. Сондықтан бастапқы капиталда қатып қалу керек емес, көптеген нәрселерді тіпті ақшасыз ұйымдастыруға болады. 1000 долларды құрайтын бюджетке ие болсаңыз, бірнәрсені бастай алтыныңызға сенімді болу керек. Қандай өнім болса да. Қазір мен стартап-компания осындай сатыдан өтсе, жоқтан өз-өзіне капитал, клиенттік база жасауды үйренсе, онда ол – мықты стартап, мықты команда екенін түсінемін. Ал егер адам “менің идеям бар, ақша қажет” деген ұстанымда болса, ол нарықты үстірт зерттеген, одан жақсы нәрсе шығуы екіталай. Менің ойымша, жоба енді құрылғанда оған миллиондаған доллар тартудың қажеті жоқ. Бұл оны өлтіреді. Ақша дәмін сезініп, сіз босаңсыйсыз, және даму туралы сөз де болмайды. Әрқашан аздаған ақша тапшылығын сезіну керек.

3 жыл ішінде жергілікті алаңды жаһандық өнімге қалай айналдырдыңыз?

Сіз білесіз, мен басынан бастап алдыма үлкен мақсат қойдым. Алаңды Қырғызстанда сынағамызға қарамастан, өнім пайда болғаннан бастап, біз өзімізге не болса да оны әлемдік деңгейге шығарамыз деп айттық. Мен мақсатың өзі қол жеткізуге тырысатыннан ондаған есе қиын болуы тиіс екеніне сенімдімін. Егер адам 1000$ табуды қаласа, 10 000$-ға мақсат қою керек. Мұндай жағдайда 1000$ табыс табу соншалықты қиын міндет болып көрінбейді. Бүгінде оқшаулану – өлім сияқты, сондықтан шын мәнінде лайықты нәрсе жасағыңыз келсе, өз еліңіздің қабырғасында жабылуға болмайды.

Сіздің негізгі тұтынушыларыңыз кім? Олардың арасында қазақстандық кәсіпкерлердің пайызы қанша?

ТМД елдері 60%-ды құрайды, өйткені біз осында бастадық. Қалған 40% – Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа, АҚШ нарығы. Жалпы, платформаға 50 ел қатысады. Жалпы санынан 10%-ға жуық – қазақстандық тапсырыс берушілер. Үш жыл бойы біз өзімізді іздедік, өнімді өңдедік, сонымен қатар клиенттік базаны жинадық. Биылғы жылы біздің мақсатымыз – айына миллион рет келуді қамтамасыз ету, оған біз тез қарқынмен жақындап келеміз.

Сіздің ойыңызша, бизнес үшін платформаңыздың күшті жақтары неде, оған ірі маркетплейстермен лайықты бәсекелесуге не мүмкіндік береді?

Біздің ең басты артықшылығымыз – бұл өнім бір адамның басында емес, өнім нарықта дүниеге келген. Екінші – біздің оған деген сеніміміз. Үшінші – функционалдық жағы. Біз бастаған кезде Amazon, Alibaba нарықта үстемдік етті, бірақ бұл біздің дамуымызға кедергі келтірмеді. Шын мәнінде, тұтынушыларға қандай алаңшада сату және сатып алу маңызды емес, ең бастысы – қолайлылық, ал біз мұны да қамтамасыз етеміз. Мәселе ТМД нарығы әлемдік оқиғалардың сыртында қалуында, бірақ бәрі бізге тауарларды сатқысы келеді. Біз ТМД нарығы мен басқа елдер арасындағы сауда көпірі болу міндетін өзімізге алдық. Ашық айтқанда, біздің платформаның күшті жақтары көп. Бірақ бұған қарамастан, біз әлі даму сатысында тұрмыз, ауқымымызды кеңейткіміз келеді.

“Цифрлық көмекшілерді” енгізу арқылы бизнес әлемі қалай өзгерді?

Тұтыну жағынан қатты өзгерді. Бір жерде отырып, біз Қытайдан, Америкадан тауарларды сатып ала аламыз. Бұл таңқаларлық емес пе? Бизнесті жүргізуге келетін болсақ, сату, жылжыту әдістері өзгерді. Мысалы, маркетинг ешқайда кеткен жоқ. Бұрын, сауда платформалары болмаған кезде, теледидар, радио, сыртқы жарнама жасау керек еді. Қазір бәрі интернетке көшті, бірақ бұл бизнесменге өз өнімін жарнамалаудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Ол әлі де өз тауарын алға жылжытады. Менің ойымша, қазір мұны одан да белсенді ету керек, себебі бәсекелестер көп. Бизнес принципі ешқашан өзгермейді, тіпті жүз, бір мың жыл өтсе де. Нысандары өзгереді, мәні – жоқ.

Турат, жақын арада сіз қандай инновациялық жобаларды көргіңіз келеді?

21 ғасыр зияткерлік бизнес бағытында жүріп келеді, тағы аз уақыт және барлық механикалық жұмыстарды роботтар орындайтын болады. Адамдар шығармашылыққа кетеді, сондықтан осы әлеуетті дамыту керек. Мен осы бағытта ойланып, мынадай қорытындыға келдім: неге адамдар ұнайтын нәрселерді өздері жасамасқа? Мысалы, бұрын сапалы фото жасау үшін фотошоп туралы аз да болса білу керек еді. Instagram пайда болғалы суреттерді өңдеуді, түстерді таңдауды әрбір адам арнайы білімсіз істей алады. Елестетіп көріңізші, осы принцип бойынша модельдеуді түсінбестен, заттарды, автомобильдерді жасауға болады. Қазір біз осындай технологияны әзірлеуге дайындалып жатырмыз. Сондықтан, мен болашақта көргім келетін нәрсені өзім жасаймын.

Қызықты сұхбатыңызға рахмет! Сізге алдағы уақытта табыс пен жетістік тілеймін!

 

Екатерина Зунзяк


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу