ТЕХНОЛОГИЯ ҚОҒАМНАН ОЗЫП БАРА ЖАТҚАНДА

Мақала авторы Тарун Ханна. Материалдың түп нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://hbr.org/2018/07/when-technology-gets-ahead-of-society

Бастапқыда әскери мақсатта әзірленген дрондар төңірегіндегі мәселе уақыт өткен сайын өзекті проблеманың біріне айналып, әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. АҚШ-та 2013 жылға дейін бұл құрылғылар коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етілмеді. Егер оны қолдануға жол ашылғанда қоғамның барлық саласына көп пайда әкелер ме еді? Бірақ жаңа технологияның қауіпсіздігіне қатысты мәселе де жеткілікті. Тіпті оларды реттейтін ережелерді құруда ортақ шешім де жоқ. Қала берді бұл құрылғыларды әзірлеуге қажетті білім мен тәжірибе әлі де жеткіліксіз. Бірақ, бұл тек дрон саласына қатысты емес. Жалпы, жаңа технологиялық өнімдер мен қызметтерді енгізуде мұндай нормативтік, логистикалық және әлеуметтік кедергілер жиі кездеседі. «Әдетте, қоғам технологияның қарқынына үлгермей жатады. Бұл бір жағынан технологиялық кәсіпкерлердің олардың инновациялық тұрғыдағы құқықтық және әлеуметтік мәселелерге көңіл бөле бермейтіндігінен» – дейді мамандар. Мысалы, Facebook тұтынушылар және жарнама берушілермен байланыс орнатуда керемет табысқа қол жеткізгенімен, деректерді пайдалануды реттеуде қиындықтарға тап болып отыр. Инновациялар бұрын-соңды болмаған жайлылық пен пайда әкелгенімен, түрлі саланы реттеуші ескі дәстүрлерге, бизнесті жүргізу мәдениетіне қауіп төндіріп жататыны тағы бар. Мысалы, ертеде автомобильдерге жылқыларға қарағанда тезірек жүруге рұқсат етілмеген. Тіпті,  XIX ғасырда кей тоқымашылар солардың кесірінен  жұмыстан айырламыз деген қорқынышпен өнеркәсіптік машиналарды талқандауға дейін барып отырған. Ал жаңа технологиялар әлеуметтік нормаларды мүлдем өзгертіп жіберуге қауқарлы. Мысалы, танысуға арналған қосымшалардың адамдардың дәстүрлі кездесу ұғымын қаншалықты өзгертіп жібергенін айтса да жеткілікті. Алайда, кәсіпкерлер, көбіне,  өздері айналысып жатқан істің тарихтың бір бөлігі екеніне көңіл аудара бермейді. Олар тек қоғамның жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалану үшін жаңа ережелер дайындалғанға дейінгі уақытты қалай тиімді пайдалануды көздейді. Бір қызығы, дамыған елдерде де дрондар мен жүргізушісіз көліктер сияқты енді дамып келе жатқан салаларға қатысты реттелмеушілік көп. Бұл мәселеде техникалық кәсіпкерлер әлемнің дамушы нарықтарында жетістікке жеткен бизнесмендерден көп нәрсе үйрене алары анық. Айталық, Бразилия немесе Нигериядағы кәсіпкерлер билік оларды институционалдық, я нарықтық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді деп күтудің қажеті жоқ екенін жақсы біледі. Себебі, бұл өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Нәтижесінде, олар Кришна Палепу айтқандай «институционалдық қуыстық» деп аталатын олқылықты толтыру үшін қолдау құрылымдарын өздері құруға мәжбүр. Басқаша айтқанда, табысты өнімдер мен қызметтерді жасауға мүмкіндік беретін шарттарды өздері жасауы керек. Бірақ дамыған елдерде кәсіпкерлер өздерін көбіне саясаткерлер мен жұртшылықты бір жолға бағыттау олардың міндеті емес деп сендіріп бағады. Шындығында, бұл рөлді басқа ешкім атқара да алмайды. Өйткені, бұл істе түрлі жолдармен септігін тигізетінін аңғармайды.

Бұл мәселені түсіну үшін алдымен институционалдық бостандықтар дегеніміз не, соны анықтап алайық. Мысалы, АҚШ пен Германияда кəсіпкерлер көптеген институттың қолдауына ие бола алады. Соттар меншік құқығын қорғайды, жоғары оқу орындары білікті жұмыс күшімен қаматамсыз етеді, ал, рейтингтік агенттіктер жеткізушілер мен сатып алушылар туралы маңызды ақпарат береді. Алайда, дамушы нарықтарда мұндай қолдаудың көбі жоқ. Сондықтан ондағы кәсіпкерлер бұл олқылықтың орынын өздері толтыруы немесе өзгелермен бірге жұмыс істеп шешуі қажет. Дамушы нарықтардағы кәсіпкерлер барлық жүйенің игілігі үшін мұндай институционалдық мазмұнды өздері қалыптастыруға тырысады.

2004 жылы Қытайда Чарльз Шао есімді кәсіпкер аграрлық сектордағы сапа мәселелесіне байланысты «Хуасия сүт фермасын» құрды. Себебі, елдің реттеуші органдары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, бизнесмендер ережелерді бұзып, көптеген дау-жанжал туды. Осыдан кейін, Шао әлсіз нормативтік талаптарды жеңуге шешім қабылдап, АҚШ-тың азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарына жүгінеді. Осылайша ол осы рөлді атқаратын институттарболмаған кезде ноу-хаудың қозғаушысы болды.

Дамушы елдерде көптеген жағдайда өздерінің өркендеуі үшін қолайлы жағдайды кәсіпкерлердің өздері жасайды. Олар дамыған елдердегі құрылымдар мен қызметтерді құрады. Өйткені онсыз ілгерілеушіліктің болмайтынын жақсы біледі. «Celtel» телебайланыс компаниясының негізін қалаушы Мо Ибрагим Африкаға ұялы телефонды әкелмес бұрын барлық негізгі инфрақұрылымды, оның ішінде, кабельдерді өзі тартуына тура келді.

Жоғарыда айтылғандай кей кәсіпкерлер халықты қажетті тауарлармен жартылай қамтамсыз етіп жатады. Азық-түлік қауіпсіздігі талаптары мен жолдардың жеке тұтынушылар мен компанияларға қарағанда қоғамға пайдасы көп. Ал оларды ынталаныдыру күшіне мемлекет ие. Бірақ мемлекет әлсіз, біліктілігі төмен немесе кедей болса мұндай кемшіліктерді жеке кәсіпкерлер толтырады. Тағы назар аударатын мәселе дамушы елдердегі кәсіпкерлердің білімін дамыған нарықтардағы технологиялық компаниялар жай көшіре салуына келмейді. Бір жердегі сәтті тәжірибе өзге ортада қайта сүзгіден өтуі тиіс. Бірақ бұл компаниялар жетістікке жету үшін оларды әрдайым есте сақтап отыруы қажет.

Дрон саласына қайта оралсақ. Бұл саладағы қиыншылықтар әлдеқайда ауқымды әрі күрделі десе болады. Әскерилер оларды жылдар бойы қолданып келеді. Бірақ АҚШ-та коммерциялық дрондарды пайдалануға тек жақында ғана мүмкіндік туды. Компаниялар оларды аэрофотосуреттер түсіруге, ауыл шаруашылығында, пакеттерді жеткізу, инфрақұрылымды бақылау сияқты мақсатта пайдалануға бірден кірісіп кетті. Алайда оны қолданудан көптеген нормативтік, инфрақұрылымдық және басқа да мәселелер туындады. Сондықтан енді ғана дамып келе жатқан саланы зерттеп, жаңадан пайда болып жатқан өзге технологиялардың мәселесін зерделеп көрейік.

АҚШ бұл салаға қатысты нормативтік-құқықтық актілер даму үстінде.  Әдетте, дрон операторлары кез-келген өтінім бойынша Федералдық авиация агенттігінің рұқсатын алуы тиіс. Байқаушылар мұны агенттіктің «зерделеуі» деп атайды. Одан кейін «жаяу» кезең. Онда ережелер қамтылған. Мысалы, дрон салмағы 55 фунттан аспауы, түнде ұшырмау, әуе қатынасына кедергі келтірмеу сияқты талаптар жетерлік. Жаңа ереже дрондарды ауыл шаруашылығында қолдануға мүмкіндік бергенімен Amazon және Google сияқты компаниялардың көлемді пакеттерді жеткізуіне жол ашпады. Себебі, көру мүмкіндігінен тыс кеңістікке ұшуға қатысты тәртіптер әлі күнге дейін нақтыланбаған. Бірақ оларды қолдануға қатысты жағдайлар жетілдіру үстінде. Мәселені күрделендіре түсетін жайттың бірі – бұл агенттік әуе қозғалысын бақылау үшін құрылған жүйе. Бірақ дрондардың пайда болуымен оның реттеушілік қабілеті жеткіліксіз болып қалуда. Айталық, жергілікті тұрғындар олардың мектептер немесе түрмелердің үстінен ұшуын қаламауы мүмкін. Ал мұндай мәселелер әлі де қарастырылмаған.

АҚШ «жүгіруші кезеңге» өтіп жатқандықтан, билік бұл салада өз рөлін айқындау үстінде. Авиация агенттігі осы ережелерді жасау үшін дрон шығарушылар мен қолданушылардың тәжірибесіне сүйенбекші. Мұндай процесс кез-келген жаңа технология қолданысқа енгізе бастағанда пайда болып отырады. Өйткені институционалдық инфрақұрылымды құру бірлескен жұмыс болып табылады.

Ал енді АҚШ-та осы құрылымды құру жолындағы мысалдарға тоқтаал кетейік. Арлингтон қаласында орналасқан AES энергетикалық компаниясы әлемнгің көптеген елінде қызмет көрсетеді. Ол электр энергетикасының барлық саласында дрондарды кеңінен қолдануды алғаш қолға алған бірлестікке айналды. Жел мен күн қондырғыларына бақылау жасау, шалғайдағы жерлерде тарататын қондырғыларды қадағалау, олардың тұрақты берілуін қамтамасыз ету сияқты мақсаттарға пайдалануда. Бірақ елде бұл қондырғыларды көру мүкміндігінен сырт кеңістікте ұшыруға рұқсат етілмегендіктен, компания оның осы мүмкіндіктерін зерттеу үшін Сальвадор мен басқа елдерде қолданып жатыр. Бұл тәжірибелер АҚШ-тағы осы саланың нормативтік дамуына қажетті мәліметтер жинауына көмек болары түсінікті.

Ұшқышсыз басқарылатын қондырғылар саласындағы тағы бір алып компания – Zipline. Ол дамушы елдерде дәрі-дәрмек жеткізу үшін қолданылатын дрондарды жеткізумен айналысады. 2016 жылы бірлестік олармен Руанданың шалғайдағы ауруханаларына қан жеткізуді қолға алды. Көлік инфрақұрылымының нашарлығынан елде мұндай қызмет ауадай қажет. Zipline компаниясының Руандадағы тәжірибесі үшінші әлемдегі тасымалдау ісін дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

Ал сарапшылар жаңа технологиялардың қарқынды өсуіне мүдделі адамдарға заңнамалық-нормативтік мәселелерге де көп көңіл керектігін айтады. Бұл заңдар мен ережелер жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай түрлі тәжірибелердің нәтижесінде пісіп жетіледі. Айталық, қазіргі уақытта дрон индустриясында толыққанды ережені жасап дайындауды ешкім нақты білмейді. Реттеуші органдар бұл салада өзінің тәжірибесінің аздығын және оған қажетті деректерді оны жасап шығарушы және тұтынушы кәсіпкерлер тудыратынын түсінуі керек. Ал, бизнес өкілдері өз кезегінде олардың жетістігін қамтамасыз ететін орта мен инфрақұрылымды құруға жауапты екенін ұғынуы тиіс. Әрине, бұл жолда барлық тараптар түрлі қиындыққа тап болатыны түсінікті. «Дегенмен мұндай технологиямен айналысушы кәсіпкерлер қажетті институттарды құруға атсалысудан көп нәрсе ұтар еді. Бұдан қоғамның да, қоршаған ортаның да, реттеуші органдардың да ұтары анық», – дейді сарапшылар.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу