ҚАЗАҚСТАНДА КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЦИФРЛАНДЫРУ

Адамзат шексіз мүмкіндіктердің дәуірінде өмір сүруде. Бұл тұрғыда мемлекетте қоғамда және жеке адамның дамуы процесстері осы бағыттағы өзгерістердің ажырамас бөлігі болып табылады. Ойлап қарасаңыз, қашықтықтан хабар алудың басты құралы ретінде пошталық көгершіндерді пайдаланған кезеңдер болдған. Ал енді әртүрлі функциямен жабдықталған флагмандық смартфондар қолданудамыз. Сонымен қоса Сіз онлайн режимде хабарлама жаза аласыз және кезкелген елге аудио және бейне қоңыраулар шала аласыз.

Әлем бір орында тұрмай сәуле жылдамдығымен өзгеруде, ал сіздің қолыңыздағы ұялы телефон – технологиялық дамудың нәтижесі.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік қауымдастық қандай талаптар қоюда? Күн тәртібінде жаппай цифрландыру тұжырымдамасы.

Бұл процестің қажеттілігі мен пайдасын адамдар неғұрлым тезірек түсінетін болса, соғұрлым уақыттарын тиімді жұмсап, заманауи игіліктерді қолдана алады.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Еңсенбаев Русланның өз сұхбаттарының бірінде цифрландыру Қазақстан тұрғындарының өмірін айтарлықтай жеңілдетеді, деп атап өтті. «Бүгін біз кез-келген тауарларды немесе қызметтерді онлайн түрде сатып ала аламыз. «Өзімізге ыңғайлы жол бағытын таңдау үшін навигациялық құралдарды қолданамыз. Қазір адамдар өз бизнесін бір сағаттың ішінде тіркей алады, бұрын 30 күн болатын. Осының барлығы цифраландырудың нәтижесінде», – деді ол.

Жарқын болашақта ұзақ мерізімдегі құжаттардың рәсімделуі, ауруханалардағы кезектер және мемлекеттің тиімсіз экономика салаларының дамуы бұрынғы кезеңде қалады. Осының айқын мысалы ретінде – стратегиялық басымдықтағы цифрландыру бойынша елдердің тәжірибесі болып табылады.

Мысалы, Сингапурда табысты қоғам құру жолындағы қадамдардың бірі  экономиканың цифрлық трансформациясы болды.

Unacast компаниясының есебіне сәйкес, Сингапур әлемдегі ақылды қалалардың тізімінің көш басын құрайды. Сингапурде цифрлық сауаттылық балабақшадан бастап оқытылады. Болжамға сәйкес, 2050 жылға қарай елдегі көліктің 50% электр көзі арқылы қозғалатын болады. Бүгінгі таңда, ол жерде жүргізушісіз таксилерді қолдануда.

Ал Германияда цифрлық бағыттағы өзгерістерді белсенді қолдап жүзеге асыруда. Осы мақсатта ел үкіметі жеті бағыттық қызметтен тұратын «Цифрлық күн тәртібі» атты бастаманы қолға алды.

Күн тәртібінде қоғамның барлық ол мемлекеттік басқарудан бастап, экономика, мәдениет, білім және ғылым салаларын қамтыйды.

Сонымен қоса, цифрлық саланы түрлендіру бостандық пен демократия мәселелерін қозғайтын таза технологиялық емес, қоғамдық процесс ретінде ұғынылады.

Австралия үкіметі цифрлық валюталар, блокчейн технологиясын және басқада қосымшаларды дамытуға мүдделі болуда.

Австралиялық «Цифрлық экономика стратегиясы туралы» заң жобасы аясында цифрлық валюталарға қатысты «қос салық салуды» тоқтату көзделген. Өз кезегінде Малайзияда, сандық эфир теледидарын іске қосты. Ғаламдық цифраландыру процессінің аясында Малайзия жоспарлы түрде ескі аналогтық хабар таратудан DTT технологиясына ауысуда.

Осылайша, соңғы жылдары технологиялық инновациялардың нағыз серпілісі болды. Бүгінгіде әлемнің 15-тен астам елідері ұлттық цифрландыру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Олардың ішінде Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия және Жаңа Зеландия бар.

Қазақстанда осы елдердің қатарында екенін атап өткен жөн.

2018 жылдың басынан бастап, елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыра бастады. Үкімет басты бес бағыт бойынша міндеттерді алға қойды. Оларға толығырақ тоқталсақ.

  1. «Экономика саласын цифрландыру» ҚР дәстүрлі экономикасына тың технологияларды қолдана отырып, сапалы өзгеріске әкелу болып табылады.

Нəтижесінде еңбек өнімділігі мен капиталдандырудың ұлғаюы күтілуде.

2022 жылға қарай басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорт өндірістері пайда болады және жергілікті электрондық сауда көлемі артады, ал көлеңкелі экономика үлесі Әлемнің 30 озық елдерінің деңгейіне дейін төмендейді.

«Мысалы сапалы көлік жолдарына және логистикалық инфрақұрылымдарға жасанды интеллект енгізуді күтілуде. Сондай-ақ, жол учаскелерінде қозғалыс кезінде салмақ өлшеу мен төлем ақысын алу жүйелері қызмет етеді. Бұл процесс барлық қатысушылар үшін транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін мен қызмет көрсету сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Еңсебаев Руслан.

Қазақстанда цифрландыруға басдық беретін салалар – тау-кенді өндіру, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және агроөнеркәсіп кешені. Қолма-қол л жасалмайтын төлемдер арқылы электрондық сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

  1. «Цифрлық мемлекетке көшу» азаматтар мен кәсіпкерлерге «онлайн» режимінде кез келген уақытта ашық, айқын және ыңғайлы мүмкіндіктер беруді білдіреді.

2022 жылға қарай электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 80% -ға дейін ұлғайады, ал еліміздің ірі қалалары  «Smart City» тұжырымдамасына ауысады деп күтілуде.

Анықтайтын болсақ, «Мемлекет- азаматтарға» бастамасы аясында қағаз түріндегі құжат айналымын және анықтамаларды сұрауды азайту көзделіп отыр. Бұл бағыт білім беруден денсаулық сақтауға дейінгі көптеген салаларға қатысты. Мысалы, электрондық еңбек биржасы мемлекеттік жүйелерді және жеке меншік компанияларын жұмыспен қамту агенттіктерін жалпы интернет-ресурсына біріктіреді, ал «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі кез-келген жаңадан пайда болған нысандарға,  үй немесе жол болсын, мемлекеттік қызметтер рәсімін өту кезінде картада онлайн режимде көрінуге мүмкіндік береді.

«Мемлекет-бизнеске» «Бірыңғай терезе» арқылы кәсіпкер кеденге қағаз түрінде құжаттарды ұсыну қажеттілігінен азайтады, деп болжануда. Кәсіпкерлер блокчейн технологиясы арқылы электрондық шот-фактураларды қолданады деп күтілуде.

«Екінші бағыт аясындағы цифрлық технологиялар Қазақстанда тұрғындар мен туристерге жайлы қалаларды құруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыс деңгейінің төмендеуіне септігін тигізіп, Қазақстандықтардың жауапкершілігін арттырады», – дейді Руслан Еңсебаев баяндамаларының бірінде.

  1. Цифрлық Жібек жолын іске асыру интернетке жылдам әрі қауіпсіз қолжетімділікті және елдің тұтас аумағын сапалы мобильдік байланыс қамтуды қамтамасыз етеді.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының ақпаратына сәйкес, Цифрлық Жібек жолы еліміздің ең шалғай аудандарын қамтитын ең маңызды жобасы. Жоба 2616 елді мекенді кең жолақты қолжетімді интернетпен қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру 2020 жылға жоспарланып отыр.

«Жарқын болашақта жеке тұлғалар мен компаниялар жаппай жоғары жылдамдықта ғаламдық деректерті желілерге қол жеткізе алады», – деді ол

Кибер қауіпсіздікті күшейту аясында Big Data, зиянды код пен киберинциденттерді талдауға арналған инновациялық институттар құрылатын болады.

  1. «Адам капиталының дамуы» халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады. ЖОО-ға жаңа мамандықтар енгізу (деректер туралы ғылым, жасанды интеллект, бұлттық есептеулер және т.б.). Кретивтік және сыни ойлауға, сондай-ақ оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын қолдануға ден қойылатын болады. Өндіріс базасындағы ЖОО-ларда АКТ-кафедралар ашу. Ашық білім беру ұлттық платформасын құру арқылы қашықтан білім алуды дамыту. Цифрлық қоғам құру үшін білім беру жүйесін озат әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту қажет болады.
  2. «Инновациялық экожүйені құру» бизнестің, ғылыми саланың және мемлекеттің тұрақты байланыстарымен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуды білдіреді. Бұл тұрғыда инновацияларды өндіріске енгізу өте маңызды және қажетті болып саналады.

Мысалы, 2022 жылға қарай өздерінің «табысты оқиғаларымен» қазақстандық технология саласындағы компаниялар саны ұлғайады деп күтілуде.

«Біздің қоғамда, әсіресе балаларда, жаңа идеялар пайда болуы керек. Танымал музыканттар, актерлар, әншілер, спортшылар ғана емес, қазақстандық технология саласында кәсіпкерлер пайда болу керек. Осындай мысалдарды көргенде, балалар IT-технологиялар және кәсіпкерлік сынды салаларды меңгеруге тырысады. Біз оларға қолдау көрсетіп, оларға көмектесеміз», – деді Р. Енсебаев.

Өз кезегінде, Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық паркі болады. Осы бағыт аясында венчурлық капиталдың кәсіби саласын дамытуға ерекше басымдық беріледі.

Бағдарламаның бес негізгі бағыты қазақстандық экономиканың даму қарқынын жеделдетуге, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттің пен халық, бизнес арасындағы қарым-қатынасты жақындастыруға бағытталған.

«Цифрлық Қазақстан» – қысқа мерзімді міндеттердің бірі емес, ел дамуының стратегиялық бағыты. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген белестерге жету үшін уақыт қажет.

Бұл тұрғыда цифрландыру – жаһандық процесс, ол қауіп ретінде қабылданбауы тиіс. Бұл жаһандық және еріксіз процессті технологияларды енгізу тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге мәдениаралық және мемлекетаралық диалогта қолданылатын ұстанымнан да қажет деп санауға болады.

Жылдам өзгеру дәуірінде қандай да бір елдің бәсекеге қабілеттілігін адамдар, кадрлар, болашақ ұрпақтар анықтайды. Мемлекет басшысы бұл туралы өз Жолдауында атап өткен болатын.

«Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деді Елбасы.

Қазіргі таңдағы Қазақстан халқы өмір мен іскерлік саласын реформалауға ғана емес, сонымен бірге өзінің санасын түрлендіруге де дайын болуы керек. Уақытпен қадам жасай білу және қажетті маман болып қалу мүмкіндігі – мұндай артықшылықтар дигитализация процесінде тұр.

Осылайша Қазақстанда да, бүкіл әлемде сияқты цифрландыру күн тәртібінде. Бұл дегеніміз ел ең басты жолда тұрғанын білдірмейді.

Мәселен, 2006 жылы алғаш рет, бәріне танымал «электрондық үкімет» порталы енгізілді. Бүгінгі күні порталды 6 миллионнан астам қолданады. 2010 жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар Goszakup.gov.kz порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылуда. Бұл процесстің ашықтығын және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

2011 жылдан бастап салық, мемлекеттік баж салық, айыппұлдарды, коммуналдық, ұялы байланысты және т.б. 120 түрін үшін төлеуге қаражат аудару мүмкіндігі бар, ал 2012 жылдан бастап Elicense.kz порталында барлық лицензиялар мен рұқсат құжаттарды онлайн режимінде ала алады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні е-Сот кабинеті, e-Денсаулық сақтау, «Ашық үкімет» порталдары жұмыс істеп – цифрлық трансформация жолындағы логикалық және жүйелік қадамдар ретінде қарастырылады.

«Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында.

Әрине, негізгі нәтижелер, алдағы онжылдықта, цифрлық сектор экономиканың жаңа саласы ретінде қалыптасып, қазақстандықтар шексіз мүмкіндіктерге толы ғаламдық процестің бөлігіне айналған кезде болады. Технология күнделікті өмірде маңызды орын ала бастағандықтан, цифрлық ортаға сенімнің маңызы арта бастады.

Камилла Рашид


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу