ЖАМБЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ 56,7 ПАЙЫЗЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР

Түпнұсқасы мына сілтеме бойынша: https://www.inform.kz/kz/zhambyl-halkynyn-56-7-payyzynda-elektrondy-densaulyk-pasporty-bar_a3436351

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің 97 пайызы компьютермен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста медицина саласын цифрландыруға ерекше мән беріліп отыр. Аймақта 5260 медициналық жұмыс орны бар болса, соның 4999-ы компьютермен қамтамасыз етілген. Жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізу үшін облыс бюджетінен 152 млн теңге бөлініп, 880 компьютер сатып алынды. Осы қаржыға тағы 133 компьютер сатып алынады.

«Жамбылдық медицина ұйымдары екі ақпараттық жүйе бойынша жұмыс істейді – «ELSI-MED» және «Damu Med». Алғашқысында 25 ұйым бар болса, 18 ұйым «Damu Med» жүйесіне көшірілген. Ақпараттық жүйелерде 8686 медқызметкер жұмыс істеп отыр. 631 638 электронды денсаулық паспорты енгізілген. Бұл – ақпараттық жүйеде тіркеуде тұрған халықтың 56,7 пайызы» делінген хабарламада.

Айта кету керек, облыстағы 398 медицина мекемесінің 92 пайызы, яғни 364 мекеме интернет желісіне қосылған.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу