ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МАУСЫМНЫҢ ХИТ ӘНДЕРІН ТАҢДАЙТЫН БОЛМАҚ

Калифорния университетінің ғалымдары RandomForest деп аталатын нейрондық желі ойлап тапқан, жобаның басты мақсаты маусымның хиты болатын музыкалық шығарманы өндіріп шығару. Бұл туралы «Хайтек» порталы хабарлайды.

Өкінішке орай, міндет сәтті орындалмады: алгоритм 1985 жылдан 2015 жылға дейін белгілі болған 500-ге жуық әндерді зерттегеніне қарамастан, өзінің туындыларын дербес жазып шығара алмады.

«Есесіне күтпеген жерден жасанды интеллекте жаңа қолданыс пайда болды. RandomForest әнді бір тыңдағаннан маусымның хит әні бола алатындығын болжай алды. Білікті математиктер әлемге әйгілі композицияларды, соның ішінде әншінің есімін, оның дауысының шеберлігін, дыбыс ырғағын, музыкалық жанрын және тіпті жазу студиясын біріктіретін мүмкіндіктерді жинай алды», – деп айтылып өтті «Хайтек» порталында.

Жасанды интеллект шығарманы тыңдап, 74%-дық дәлдікпен әннің танымалдылығын анықтады. Егер де алгоритмге солистердің немесе топтың атымен деректерге қол жетімділік берілсе, оның анықтау дәлдігі 84%-ға дейін жетері сөзсіз.

«Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, кейінгі 30 жылда музыкалық индустрияда жалықтырмайтын жеңіл тректердің саны азайып, жалғыздық, әлеуметтің қабылдамайтын көңілсіз лирикалық әндері көбеюде. Сондай-ақ, 2000 жылдан бастап, рок стиліндегі музыка танымалдылығы бүкіл әлемде күрт төмендеп кетті», – деп көрсетіп өтті аталған портал.


Соңғы жаңалықтар


Комментарийлер: 0

Комментарий жоқ.

Пікір жазу